САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Украина делегациясы кездесті
Кездесу қорытындысына сәйкес, айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді және делегациялар дүйсенбі күні қайта кездеседі.
АҚШ пен Украина делегациясы кездесті
АҚШ пен Украина делегациясы кездесті / AFP

АҚШ пен Украина делегациялары жексенбі күні Берлинде келіссөз өткізді. Кездесу барысында 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары мен экономикалық күн тәртібі талқыланған.

Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер және екі елдің делегациялары қатысқан кездесу бес сағаттан астам уақытқа созылған.

Қорытынды мәлімдемеде ресми тұлғалардың бейбітшілік жоспары, экономикалық мәселелер және өзге де тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмасқаны айтылды.

Мәлімдемеде «Айтарлықтай ілгерілеу бар, олар ертең таңертең қайта бас қосады», - делінген.

Бұл кездесу дүйсенбі күні Украина президенті, еуропалық көшбасшылар, сондай-ақ ЕО мен НАТО өкілдері қатысатын ауқымды саммит қарсаңында Германияда өтті. Ал АҚШ өкілдерінің дүйсенбі күні өтетін жиынға қатысып, қатыспауы әзірге белгісіз.

«Жетілдірілген бейбітшілік шеңбері»

Владимир Зеленский атысты тоқтату және Ресеймен бейбітшілік аясында жан-жақты келіссөз жүргізу үшін жексенбі күні Берлинге барды.

Кездесу алдында Украина президенті Киевтің Вашингтонмен екіжақты қауіпсіздік кепілдіктерін іздеуде екенін, сондай-ақ Канада мен Жапонияны қоса алғанда Еуропа және басқа да елдерден кепілдік сұрағанын айтты.

Аталған кездесу Ресей-Украина соғысын тоқтатуға бағытталған бейбітшілік аясындағы бірқатар жиынның бірі. Бұған дейінгі келіссөздер Швейцария мен АҚШ-та өткен болатын.

Қараша айында ресми тұлғалар Женевада бас қосып, АҚШ-тың 28 тармақтан тұратын жобасын дайындады.

Одан кейін Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен осы жобаны талқылау үшін кездесті. Кейін делегациялар Флоридада қосымша келіссөздер өткізді, екі тарап та бұл кездесулерді нәтижелі деп бағалады.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады