САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Үндістан мен Пәкістан арасында арағайындық ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістанның Пәкістандағы шабуылдары салдарынан 31 бейбіт тұрғын қаза тауып, 57 адам жараланғаннан кейін "Бұл (қақтығыстың) тоқтағанын көргім келеді... Қолымнан келетін бірдеңе болса, мен дайынмын," — деді.
Трамп Үндістан мен Пәкістан арасында арағайындық ұсынды
/ AP

Трамп Үндістан мен Пәкістанды атысты дереу тоқтатуға шақырып, Оңтүстік Азиядағы бұл екі көрші ел арасындағы соңғы 20 жылдағы ең ауыр қақтығысты тоқтатуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Бұл өте қорқынышты," - деді ол сәрсенбі күні Ақ Үйде. "Мен екі елмен де жақсы қарым-қатынастамын, екі басшыны да жақсы танимын және олардың бұл мәселені шешкенін қалаймын. Тоқтағандарын қалаймын." - деді.

"Олар өзара жауап қайтарды, енді тоқтайды деп үміттенемін." - деді.

Бұл мәлімдеме Үндістанның қарсылас көршісіне зымыранмен шабуыл бастағаннан кейін екі ел арасындағы даулы шекарада ауыр артиллериялық атыстан кейін жасалды.

Пәкістан Үндістанның шабуылынан 31 бейбіт тұрғыны қаза тауып, 57 адам жараланғанын хабарлап, бұл әрекеттерге жауап беретінін айтты.

Сондай-ақ Пәкістан әуе күштері өзін-өзі қорғау мақсатында бес үнді жойғыш ұшағын және бір ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді. Атып түсірілген ұшақтардың арасында Францияда өндірілген көп мақсатты әрі жоғары технологиялы үш “Rafale” ұшағы да бар.

Үндістан ұшақтарының атып түсірілгенін растамады, алайда жергілікті билікке сілтеме жасаған хабарлар бойынша, Үндістан әкімшілігіндегі Кашмир жағында бірнеше ұшақтың құлағаны айтылған.

"1500 жылдық" Кашмир дауы

Пәкістан АҚШ-тың ұзақ жылдар бойы әскери одақтасы болып келгенімен, Трамп ақпан айында Ақ Үйде қабылдаған Үндістанның индуистік ұлтшыл премьері Нарендра Модимен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін байқатты.

"Біз екі елмен де жақсы қарым-қатынастамыз, екеуімен де жақсы байланыс орнаттық. Олардың атысты тоқтатқанын көргім келеді… Қолымнан келетін бірдеңе болса, мен дайынмын ", - деді Трамп.

Бастапқыда Трамп бұл дағдарысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы бұрыннан келе жатқан шиеленістің бір бөлігі ретінде шиеленістің ауқымын ескермеді.  Ол тіпті екі ел 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана құрылғанына қарамастан оларды "1500 жылдан бері дауласып келеді" деп мәлімдеген болатын.

Алайда Үндістанның шабуылынан кейін өткен 24 сағат ішінде Трамп әкімшілігі белсенді әрекетке көшті.

Ақ Үйдің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жұма күні Үндістан мен Пәкістандағы әріптестерімен сөйлесіп, жағдайды бәсеңдету мақсатында диалогты қайта жандандыруға шақырды.

 

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді