САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Гондурасқа ескерту жасады
Гондурас Ұлттық сайлау кеңесінің төрайымы Ана Паола Холл алдын ала нәтижелерге сәйкес басты екі кандидаттың дауыстары техникалық тұрғыдан тең екенін мәлімдеді.
Трамп Гондурасқа ескерту жасады
Трамп Гондурасқа ескерту жасады / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Гондурастағы сайлау билігін сынға алып, ел 30 қарашадағы президенттік сайлаудың нәтижелерін «өзгертуге» тырысатын болса, ауыр салдары болатынын ескертті.

Трамп дүйсенбі күні «Truth Social» платформасында: «Гондурас президенттік сайлаудың нәтижелерін өзгертуге тырысуда. Егер бұлай жасаса, салдары ауыр болады»,- деп жазды.

Трамптың бұл мәлімдемесі Ұлттық сайлау кеңесі төрайымы Ана Паола Холлдың алдын ала нәтижелерге қатысты жасаған түсініктемесінен кейін айтылды. Холлдың айтуынша, негізгі екі кандидат оңшыл Насри Асфура мен бұрынғы тележүргізуші Сальвадор Насралла  техникалық тұрғыдан тең түскен.

Холл мәлімет берген сәтте Асфура Насралладан 515 дауыс артық жинаған болатын.

Трамп: «Дауысты санау дауыстардың небәрі 47%-ы саналған кезде тоқтатылды. Комиссия дауыстарды санауды толық аяқтауы тиіс. Жүз мыңдаған сайлаушы өз дауыстарының толық саналуын талап етеді. Демократия жеңіске жетуі керек!» - деді.

Өткен апта Трамп консервативті Ұлттық партияның кандидаты Асфураны ашық қолдап, бұрынғы президент Хуан Орландо Эрнандесті кешіретініне уәде берген болатын.

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті