ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Трамп Украинаға қазіргі жағдайды мойындауды ұсынды
Донбасс аймағы 2014 жылдан бері қақтығыстың басты ошағына айналған.
Трамп Украинаға қазіргі жағдайды мойындауды ұсынды
Трамп Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі жақсы өткенін хабарлады. / Reuters

 АҚШ президенті Дональд Трамп Украина “майдан шебінде тоқтап”, Ресеймен соғысты аяқтауы керек деп мәлімдеді. Трамп Киев қазіргі аумақтық жағдайды болашақ келіссөздердің негізі ретінде қабылдауы тиіс екенін айтты.

Жексенбі күні Вашингтонға қайтып бара жатқанда журналистерге сұхбат берген Трамп жұма күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен “іскер әрі жылы” кездесу өткізгенін хабарлады және Киевке Донбасс аймағын түгелдей Мәскеуге беруді ұсынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Жоқ, ондай мәселе талқыланбады… Олардың істеуі тиіс нәрсе қазіргі майдан шебінде тоқтау ғана” - деді Трамп.

Трамптың айтуынша, Донбасс аумағының “78 пайызы қазірдің өзінде Ресейдің бақылауында”, сондықтан Украина “келешекте бір нәрсені келіссөз арқылы шешуге тырыса алады”, алайда қазіргі басты міндет — қақтығыстарды дереу тоқтату.

Донбасс аймағы Донецк пен Луганскіні қамтиды және 2014 жылдан бері қақтығыстардың негізгі ошағы болып келеді. Сол жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Ресей қолдайтын сепаратистер тәуелсіздік жариялаған болатын.

Ресей 2022 жылы ақпан айында бастаған “арнайы операциядан” кейін аймақтағы бақылауын кеңейтіп, Донбасс аумағының басым бөлігін өз бақылауына алды.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді