САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей Анкоридж келісімін ұстанады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеудің Канаданың Анкоридж қаласында АҚШ-пен келісілген қағидаттарды ұстануды жалғастыратынын айтты.
Ресей Анкоридж келісімін ұстанады
Ресей Анкоридж келісімін ұстанады / Reuters
27 Қараша 2025

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеу үшін Украинадағы қақтығысты шешуге қатысты негізгі мәселелерде ешқандай ымыраның мүмкін еместігін айтты.
Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Рябков Ресейдің тамыз айында Аляскадағы Анкоридж қаласында өткен мемлекет басшыларының кездесуінде АҚШ-пен келісілген қағидаттарды ұстануды жалғастыратынын  атап өтті.

Рябков: «Ымыраға келу мүмкін емес; біз негізгі мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдерден бас тарта алмаймыз; бұл жағдай «арнайы әскери операциямыз» шеңберіндегі мәселелерге де қатысты. Анкоридж келісімінің әртүрлі тармағы өз алдына келісім шешімдері екенін атап өткім келеді», -  деді.

Рябков Ресейдің АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты жоспарының талқылануына қарсы екенін, өйткені мұндай талқылау бейбіт үдеріске зиян келтіруі мүмкін екенін айтты.

Ресейлік дипломат: «Анкориджде қол жеткізілген нәтижелерді ұстануды жалғастырамыз. Қазіргі жағдайды сол жерде екі президент айқындаған негізгі бағыттармен байланыстыра отырып, қалыптасқан параметрлер аясында жұмыс істейміз», - деп түсіндірді.

Рябков Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио арасындағы байланыстар туралы сұраққа
«Қажет болған жағдайда бұл байланыстарды жедел үйлестіруге болады», - деп жауап берді.

АҚШ жоспары

Вашингтон қазіргі уақытта соғысты аяқтау үшін әзірлеген жаңа жоспарымен Мәскеу және Киевпен жұмыс істеп жатыр.

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы «ерекше әскери операциясын» бастап, оны Киевтің «денацификациясы» және «демилитаризациясы» деп атады.

Мәскеу Украина әскери күштеріне шектеулер қою және НАТО-ға кіруді шектеу талабынан басқа, орыс тілінің Украинада ресми мәртебеге ие болуын да қалайды.

АҚШ-пен қарым-қатынас туралы пікір білдірген Рябков Вашингтонның қалыпқа келтіру бағытында қадам басқаны айтылса да, олардың әрекеттерінің әлі де қайшылықты екенін жеткізді.

«Белгілі бір жағдайда кейінгі кешенді саяси және дипломатиялық шешімге негіз бола алатын Ресей‑Америка келісімі қалыптасты», -  деді ол.

«Алайда Киевке қару-жарақ пен барлау мәліметтерінің жеткізілуі бұл үдеріске қайшы келеді»,- деп қосты ол.

Рябков Ресейдің АҚШ-тың ішкі саяси шиеліністерін түсінетінін және диалогта төзімділік танытып отырғанын айтты.

Әуе қатынасын қалпына келтіру немесе Ресейдің консулдық ғимаратының қайтарылуы бойынша ілгерілеушілік болмағандықтан Ресей‑Америка қатынастары ˗ қалыпқа келмей отыр.

«START» Стратегиялық шабуыл арсеналын қысқарту туралы келісімшарттың ақпан айында аяқталатынан тоқталған Рябков келісімшарт мерзімі өткеннен кейін Ресей ұсынған шектеулерді АҚШ қабылдамаса, ғаламдық қауіпсіздік күрт нашарлайды деп ескертті.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды