Мұстафа Чифтчи әлеуметтік желідегі парақшасында Пьянтедози мен оның делегациясын министрлікте қабылдағанын хабарлады.
Чифтчидің айтуынша, кездесуде заңсыз көші-қон мен мигранттарды заңсыз тасымалдауға қарсы күрес, терроризммен күрес, ұйымдасқан қылмыстық топтар және қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері талқыланған.
Министр сөзін былай жалғастырды: «Шекарадан тыс қауіп-қатерлерге қарсы күрес халықаралық ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимыл арқылы ғана жүзеге асатынына сенеміз. Сондықтан Жерорта теңізінде заңсыз көші-қонға қарсы бірлескен жұмысты күшейту, террористік ұйымдардың қаржыландырылуы мен үгіт-насихат қызметіне тосқауыл қою, сондай-ақ Италиядағы қылмыстық топтардың жетекшілері мен мүшелерін Түркияға қайтару мәселесіне қатысты ұсыныстарымыз бен талаптарымызды жеткіздік. Италиялық әріптесіміз де өз еліндегі қылмыстық ұйымдарға қарсы қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар қылмыстық желілермен тиімді күресу үшін бірлескен тергеу және зерттеу топтарын құруды ұсынды».




















