ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қытай Газада атысты тоқтатуға және халықаралық қауымдастықты қатаң шаралар қабылдауға шақырды
Президент Си Газаның соғыстан кейінгі басқаруы мен қалпына келтірілуі "Палестинаны палестиналықтар басқаруы" қағидасына сәйкес болуы және палестиналық халықтың еркіне құрмет көрсетуі керек деп мәлімдеді.
Қытай Газада атысты тоқтатуға  және халықаралық қауымдастықты қатаң шаралар қабылдауға шақырды
Қытай Газада атысты тоқтатуға және халықаралық қауымдастықты қатаң шаралар қабылдауға шақырды / AP

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Газада шұғыл әрі тұрақты бітім орнатуды талап етіп, халықаралық қауымдастықтан палестиналықтардың заңды құқықтарын қорғауға күш салуды күшейтуді сұрады.

Палестина халқын қолдау халықаралық күнін атап өту мақсатында өткен БҰҰ жиынына жолдаған құттықтауында Си Палестина мәселесі Таяу Шығыс дағдарысының жүрегінде жатқанын, халықаралық әділдік пен құқыққа және аймақтық тұрақтылыққа әсер ететінін айтты. Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлағандай, Си “БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Қытай Палестина халқының заңды құқықтарын алу күресіне қолдау білдіреді” деді.

Си Газадағы дағдарыс халықаралық қауымдастықтың белсенділігін қажет ететінін баса айтты.

«Палестинаны палестиналықтар басқаруы тиіс»

Ол сонымен қатар қақтығыс аяқталғаннан кейін Газаны басқару және қалпына келтіру « Палестинаны палестиналықтардың басқаруы» қағидасы негізінде жүргізілуі тиіс екенін, палестиналықтардың еркіне толық құрмет көрсетіп, өңір елдерінің заңды алаңдаушылықтарын ескеру қажеттігін айтты.

Си ұзақ мерзімді шешімнің маңызын атап өтіп, екі мемлекет қағидасы кешенді әрі тұрақты бейбітшілікке жетудің негізгі жолы болып қала беретінін тағы да қайталады.

Іздеу
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді