ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Анталияда өтетін «COP31» конференциясында «DOA» жүйесін белсенді түрде пайдалану және Түркияның депозиттік жүйені басқару саласында әзірлеген отандық, цифрлық моделін халықаралық қатысушыларға таныстыру жоспарланып отыр.
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады

Түркияның «Нөлдік қалдық» тұжырымдамасы аясында іске қосылған депозиттік қаптама жүйесін («DOA») ел аумағында кеңінен енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар жүйені халықаралық деңгейде таныстыруға дайындық жүргізілуде.

Осыған байланысты 9–20 қараша аралығында Анталияда «COP31» өтетін аумақтарда және келушілер көп жиналатын орындарда депозиттік қаптамаларды қабылдайтын арнайы автоматтарды («DİM») орнату жоспарланған.

Саммит барысында түрлі елдерден келген қатысушылар «DOA» жүйесін пайдалана алады.  

Осылайша Түркияның «Нөлдік қалдық» тұжырымдамасымен қатар, қайта өңдеу инфрақұрылымының даму деңгейін және депозиттік жүйені басқарудағы технологиялық мүмкіндіктерін халықаралық қоғамдастыққа таныстыру көзделіп отыр.

Жылына 20 миллиард қаптаманы қайта өңдеуге жіберу жоспарланып отыр

«DOA» жүйесі толық іске қосылған кезде Түркияда жыл сайын тұтынылатын шамамен 25 миллиард сусын қаптамасын осы жүйе аясында қамту көзделіп отыр.

Қаптамаларды кері жинау деңгейін 80 пайызға жеткізу арқылы жылына шамамен 20 миллиард сусын қаптамасын қайта өңдеуге жіберу жоспарланған.

Экономикаға жыл сайын шамамен 1 миллиард доллар көлемінде пайда әкеледі

Жүйе толық іске қосылған кезде шикізат импорты 35–40 пайыз азайып, ел экономикасына жыл сайын шамамен 1 миллиард доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін.

Отандық депозиттік қаптама қабылдау автоматтарын шығару, жүйенің жұмысын ұйымдастыру және қайта өңдеу инфрақұрылымын күшейту арқылы Түркияны депозиттік жүйені басқару технологияларын әзірлейтін әрі оларды әлемдік нарыққа экспорттай алатын елдердің біріне айналдыру көзделіп отыр.

Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”