ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
“Ajet” Стамбул – Дамаск рейстерін бастады, жақында Анкара- Дамаск бағытын да іске қосады.
Түркияның әуе компаниясы Стамбул – Дамаск бағытындағы алғашқы рейсін игерді
/ AA

Башар Асад режимінен кейінгі кезеңде алғаш рет Стамбул Сабихa Гөкчен халықаралық әуежайынан Сирия астанасы Дамаскіге әуе рейсі игерілді.

“Ajet” компаниясының хабарлауынша, Таяу Шығыстың маңызды орталықтарының бірі болып саналатын Дамаскіге Сабиха Гөкчен әуежайынан күн сайын игерілетін рейс басталды.

“Ajet” осылайша 13 жылдан кейін Стамбул Сабиха Гөкченнен Дамаскіге рейс жасаған алғашқы әуе компаниясы болды.

Екі сағатқа созылған ұшудан кейін жолаушылар Дамаск халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алынды.

“Ajet” бас директоры Керем Сарп Дамаскідегі қарсы алу рәсімінде сөйлеген сөзінде Түрік Әуе Жолдарынан кейін 13 жылдан соң Түркиядан Дамаскіге рейс ашқан алғашқы әуе компаниясы болғандарын мақтанышпен атап өтті.

Сарп сөзін былай жалғастырды: «Бүгін Стамбулдан Дамаскіге алғашқы рейсімізді орындадық. 4 шілде жұма күні  болса Анкарадан Дамаскіге алғашқы тікелей рейсімізді жүзеге асырамыз», – деді.

Осылайша “Ajet”  компаниясы бірнеше жылдан кейін Анкарадан Дамаскіге тікелей рейс орындаған алғашқы әуе компаниясы болатынын да атап өтті.

«Енді “Ajet”   ретінде күн сайын Стамбулдан, аптасына үш күн Анкарадан Дамаск қаласының халықаралық әуежайына екі бағытта рейстеріміз орындалады», – деді.

Сириядағы жаңа кезеңмен бірге аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатысты оң өзгерістер бұл жаңа бағыттың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап отырғанын атап өткен ол Таяу Шығыстың ежелгі қалаларының бірі Дамаскіге тікелей рейстердің Сирияның қалпына келу процесінде гуманитарлық және сауда байланыстарының жандануына, әрі бауырластықтың нығаюына үлес қосатынын жеткізді.

“Ajet” компаниясы қазіргі таңда 34 елде барлығы 59 бағытқа рейс орындайтынын айтқан Сарп Дамаск бағытының қосылуымен Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Солтүстік Африкадағы даму мақсаттарын табанды түрде жалғастыра беретіндерін де атап өтті.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты