ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанға соққы берді
Израиль әскери ұшақтары Дани Ферхат есімді Ливан азаматына тиесілі үш қабатты ғимаратты бомбалап, салдарынан екі сәби бастаған 9 адам қаза тауып, 5 адам жараланды.
Израиль Ливанға соққы берді
Өрт сөндірушілер Израильдің Кфар-Румманға соққысынан кейін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.(Reuters)

Ливанның NNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққыларынан кемінде 11 адам, оның ішінде екі сәби қаза тауып, бес адам жараланды.

Ең көп адам шығыны Набатия маңындағы Кфар-Румман елді мекенінде болды. Түн ортасынан кейін жасалған соққыдан үш қабатты тұрғын үй толығымен қирады.

Құтқарушылар үйінді астынан екі сәбиді қоса алғанда тоғыз адамның денесін шығарды. Бес адам жараланды.

Қаза тапқандар арасында жедел жәрдем қызметкерлері де бар

Ливанның “Al Mayadeen” телеарнасының хабарлауынша, Израиль армиясы Кефр-Румманда жедел жәрдем көлігін тікелей нысанаға алды. Шабуылдан бір жедел жәрдем қызметкері қаза тауып, көліктегі екі адам жараланды.

Жергілікті БАҚ қаза тапқан қызметкердің Әли Шахрур есімді жас жігіт екенін хабарлады.

Шабуылдан кейін оқиға орнына келген топтар жараланғандарды ауруханаға жеткізді. Ресми органдар әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Іздеу
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді