Түркия президенті өңірдегі бейбітшілік туралы мәлімдеме жасады
Президент Ердоған өңірдің негізгі күштерін елемейтін ешбір бастама бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеді.
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған өңірдегі негізгі күштерді шеттететін ешбір құрылым бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына жауап бере алмайтынын айтты.
Ердоған бұл туралы бейсенбі күні Парламентаралық одақтың 152-ассамблеясы құрметіне ұйымдастырылған кешкі аста мәлімдеді.
«Өңірдің негізгі күштерін сыртта қалдыратын ешбір құрылым аймаққа бейбітшілік те, қауіпсіздік те әкеле алмайды», — деді ол.
Сондай-ақ Ердоған Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары құрған халықаралық жүйенің қазіргі кезде «үлкен заңдылық дағдарысына» тап болып отырғанын айтты.
Палестина мәселесіне де тоқталған Ердоған әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы деп сипаттаған екі мемлекет қағидатын мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыру үшін барлық парламент өкілдерін күш біріктіруге шақырды.
Ердоған Түркияның Африкаға қатысты саясаты тең әріптестік қағидаты негізінде Африка елдерінің артып келе жатқан қолдауымен нығайып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар ол Түркияның Судандағы тұрақсыздықты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын жеткізді.