Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға жасаған сапары екі ел арасындағы берік бауырластықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.
Президент Ердоған Әзербайжаннан қайтар жолда журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Түркия мен Әзербайжан – бір-бірімен ажырамас байланысы бар екі бауырлас ел. Арамызға іріткі салуға тырысқан күштерге қарамастан, біз энергетика, көлік және инфрақұрылым сияқты стратегиялық маңызды салаларда ірі жобаларды жүзеге асырып, ынтымақтастығымызды нығайттық. Алдағы уақытта қолға алынатын жаңа бастамалар арқылы ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтеміз», – деді Ердоған.
Түркия президенті екі ел арасына іріткі салуға тырысатындардың әрекеті нәтижесіз болатынын атап өтті.
«Түркия мен Әзербайжан арасында берік ынтымақтастық, ортақ тағдыр мен бауырластық байланыс қалыптасқан. Біз өзге бауырлас елдермен бірге өңірде және әлемде түркі халықтарының ықпалын арттырып, жарқын болашақты бірлесе құрамыз. Арамызға іріткі салуға тырысқандар халықтарымыздың бір-біріне деген сүйіспеншілігін, тарихи байланыстары мен мызғымас ерік-жігерін ескермейді. Түркия мен Әзербайжан бұдан кейін де өңірдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен әл-ауқатты арттыру жолында иық тіресе жұмыс істеуді жалғастырады», – деді Ердоған.




















