МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Осман Хамди Бейдің туындысы аукционға қойылды
Осман Хамди Бейдің 1880 жылдары салынған, бірақ ұзақ уақыт құпия сақталып келген әйелі Наиле ханымның портреті 1,5 миллион долларлық рекордтық бағамен сатылымға шығарылды.
Осман Хамди Бейдің туындысы аукционға қойылды
Осман Хамди Бейдің туындысы аукционға қойылды / Other

Османлы өнерінің негізін қалаушылардың бірі саналатын Осман Хамди Бейдің жұбайы Наиле ханымды бейнелеген сирек портреті аукционда 1,5 миллион долларға ұсынылды.

1880 жылдары салынған, бірақ ұзақ уақыт бойы сақталып келген 98 × 68 см көлеміндегі кенепке майлы бояумен орындалған бұл шығарма суретшінің әйгілі туындылары секілді танымал емес. Мұның себебі - картинаның ондаған жыл бойы суретшінің отбасында сақталып, кейін жеке коллекцияға өтуі.

Бұл портрет 1995 жылға дейін Осман Хамди Бей мен жұбайы Наиле ханымның немересі 1913–2012 жылдары өмір сүрген Дженан Сарчтың үйінде ілулі тұрған. Францияда Мари Пальярт есімімен дүниеге келген Наиле ханым суретшінің екінші жары.

Суретшінің жұбайын сол жақ қапталдан, алтын түсті фон алдында бейнелеген тағы бір портреті Стамбулдағы Сакып Сабанджы музейінде тұр. Музей өкілдері алтын түстің дәстүрлі түрде ислам, Орта ғасырдағы Еуропа және ерте ренессанс өнерінде қасиетті бейнелерді суреттеу үшін қолданылғанын айтады. Осман Хамди Бей кенепке әйел бейнесін салған алғашқы түрік суретшілердің бірі ретінде бұл түсті жұбайының портретінде оның бейнесінің қасиеттілігін көрсету мақсатында пайдаланғаны атап өтілді.

Алты ай бұрын Осман Хамди Бейдің «Кофе дайындау» атты шығармасы да Лондонда өткен «Sotheby’s» аукционында 1 миллион фунтқа (шамамен 1,3 миллион доллар) сатылған болатын. 1881 жылы салынған бұл туынды бір кездері жоғалып кеткен туындылар қатарында болған, тек ақ-қара фотосы арқылы ғана белгілі картина болатын. Арадан бір ғасырдан астам уақыт өткен соң ол Еуропадағы жеке коллекциялардан табылған.

Осман Хамди Бейдің көркем мұрасы

Осман Хамди Бейдің ең танымал туындысы  - 1906 жылы аяқталған және қазір Стамбулдағы Пера музейінде тұрған «Тасбақа жаттықтырушысы» картинасы. Бұл шығарма түрік бейнелеу өнері тарихындағы ең құнды туындылардың бірі және көрмелерде рекордтық көрсеткіштерге жеткен.

Османлының таңдаулы әулеттерінің бірінде дүниеге келген Осман Хамди Бей 1860 жылдардың басында Парижге құқық саласы бойынша білім алуға жіберілген. Алайда сол жерде жүріп ол өзінің сурет және археологияға деген шынайы құштарлығын ашқан.

Стамбулға оралған соң дипломатиялық қызмет атқарып, көптеген археологиялық қазба жұмысына жетекшілік еткен. 1882 жылы ол Стамбул Көркем өнер академиясын құрып, оның алғашқы директоры болды. Осылайша түрік жастары арасынан жаңа буын кәсіби суретшілердің қалыптасуына жол ашты.

Осман Хамди Бей Батыстың көркемсурет техникасын қолдана отырып, Шығысқа тән тақырыптарды бейнелеген. XIX ғасырда өркендеген ориентализм бағытының кейбір элементтерін пайдалана отырып, мұсылман мәдениетіне деген терең құрметі мен түсінігі арқылы Османлы қоғамының өмірін шынайы суреттеген.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті