ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Эль-Сальвадор Президенті Букеле енді шексіз мерзімге сайлана алады
«Жаңа идеялар» партиясы мен оның одақтастары Президент Букеленің шексіз мерзімге қайта сайлануына жол ашатын, қызмет мерзімін ұзартып, екінші тур сайлауын алып тастайтын реформаларды мақұлдады.
Эль-Сальвадор Президенті Букеле енді шексіз мерзімге сайлана алады
/ Reuters

Эль-Сальвадор депутаттары президенттік өкілеттілік мерзіміне шектеуді алып тастайтын және қазіргі президент Найиб Букеленің шексіз мерзімге кандидат болуына мүмкіндік беретін конституциялық реформаны қабылдады. Парламентте оның партиясы басым көпшілікке ие.

Бейсенбі күні 57-ге 3 дауыспен бұл реформа қабылданды. Реформа аясында президенттің өкілеттілік мерзімі бес жылдан алты жылға дейін ұзартылады. Бұл өзгерістерді «Жаңа идеялар» партиясынан депутат Ана Фигероа Конституцияның бес бабына енгізуді ұсынған болатын.

Ұсыныс сондай-ақ бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың қатысуымен өтетін екінші тур сайлауын жоюды да қамтыды. Парламентте басымдыққа ие «Жаңа идеялар» партиясы мен оның одақтастары бұл ұсыныстарды жылдам мақұлдады.

Букеле былтыр Конституцияда тыйым салынғанына қарамастан үлкен басымдықпен қайта сайланды. Бұл оқиға 2021 жылы оның партиясы тағайындаған Жоғарғы сот судьялары екінші бес жылдық мерзімге қайта сайлануға рұқсат беру туралы шешім қабылдағаннан кейін болған.

Қылмыстық топтарға қарсы күрес

Бейсенбі күні Фигероа федералдық депутаттар мен қала әкімдері үшін қайта-қайта сайлану құқығы бұрыннан бар екенін еске салды.

«Олардың барлығы халықтың дауыс беруі арқылы қайта сайлану мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл мүмкіндік тек президенттік қызметке қолданылмаған жалғыз ерекшелік болатын», – деді ол.

Сонымен қатар ол Букеленің қазіргі президенттік өкілеттігі бастапқыда 2029 жылдың 1 маусымында аяқталуы тиіс болса да, президенттік және парламенттік сайлауларды бір күнге сәйкестендіру мақсатында 2027 жылдың 1 маусымында тоқтатылуы керек екенін ұсынды. Бұл өзгеріс Букелеге екі жыл бұрын ұзағырақ мерзімге қайтадан сайлануға жол ашады.

Букеле елдегі ықпалды қылмыстық топтарға қарсы қатаң күресінің арқасында халық арасында кең қолдауға ие болды.

Сайлаушылар үкіметтің алдыңғы әкімшіліктер сияқты қылмыстық топтармен келіссөз жүргізгені туралы дәлелдерді елеусіз қалдыруға дайын. Букеле бұл келіссөздерді кейбір конституциялық құқықтарды тоқтатып, билік өкілдеріне ондаған мың адамды қамауға алу мүмкіндігін берген төтенше жағдай енгізілмей тұрып жүргізген болатын.

Букеленің қауіпсіздік саласындағы табысы мен саяси ұстанымы аймақтағы өзге көшбасшыларға үлгі болып, кейбірі оның әдісін қайталауға тырысты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті