ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы: «Түркияны анағұрлым орнықты, берекелі әрі жасыл елге айналдыру үшін табандылықпен жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді.
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы

Министр Ибрахим Юмаклы Дүниежүзілік шөлейттену және құрғақшылықпен күрес күніне орай «NSosyal» парақшасында мәлімдеме жариялады.

Юмаклы ортақ үйіміз Жерді келер ұрпаққа жасыл әрі өміршең мұра ретінде қалдыруға жауапкершілікпен қарайтындарын атап өтті.

Оның айтуынша, осы мақсатта елдің түкпір-түкпірінде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп, орман алқаптары ұлғайтылып келеді. Сондай-ақ «Суда нөлдік ысырап» тұжырымдамасы аясында қолға алынған су үнемдеу науқаны Ұлттық су кеңесі мен өңірлік су кеңестерінің жұмысы арқылы су ресурстарының әр тамшысын қорғауға бағытталған саясат жүзеге асырылып жатыр. Юмаклы климаттың өзгеруіне байланысты да жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Министр бүгін Дүниежүзілік шөлейттену және құрғақшылықпен күрес күні екенін еске салып: «Орманды, суды және топырақты қорғау – болашағымызды қорғау демек. Жасыл Түркия үшін халқымызбен иық тіресе еңбек етуді жалғастырамыз», – деді.

Іздеу
Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Татлыоглу Латакияға ресми сапармен барды
Президент Ердоған Пәкістан Қорғаныс күштері қолбасшысы Мунирді қабылдады
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Министр Фидан Украина саммитіне қатысады
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамп: "Ердоған керемет, НАТО үлкен белесті бағындырды"