ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
52 жастағы күдікті Райан Уиллис Макфарланд шабуылдан кейін өзіне қол жұмсады.
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты / AP

Полицияның мәліметінше, дүйсенбі күні АҚШ-тың Айова штатында болған қарулы шабуыл салдарынан алты адам көз жұмды. Ал күдікті полициямен бетпе-бет келген сәтте өзіне оқ атып, мерт болған.

Маскатин полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, кісі өлтіру оқиғасы Маскатин қаласындағы екі тұрғын үй мен бір кәсіпорын аумағында болған. Қаза тапқандардың төртеуі бір үйден табылған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға отбасылық жанжал салдарынан туындаған. Полиция барлық құрбанның күдіктінің туыстары болуы мүмкін екенін хабарлады.

Құқық қорғау органдары жергілікті уақыт бойынша сағат 12:12-де оқиға туралы хабар алған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері төрт адамның мәйітін тапқан.

Полиция күдіктінің 52 жастағы Райан Уиллис Макфарланд екенін анықтады. Тергеушілердің айтуынша, ол полиция келгенге дейін үйден қашып кеткен.

Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні өзен жағасындағы жаяу жүргіншілер көпіріне жақын жерден тапқан. Полициямен кездескен кезде ол  өзіне қол жұмсаған. Тергеу барысында басқа да құрбандар болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Кейін оқ тиіп қаза тапқан тағы екі ер адамның денесі табылды. Олардың бірі үйден, екіншісі жақын маңдағы жұмыс орнынан табылған.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері бірнеше оқиға орнын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты