Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран Палестина Мемлекетінің құрылғанына 38 жыл толуына орай «NSosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында: «1988 жылғы 15 қарашада Палестина Мемлекетінің құрылуы Палестина халқының бостандық пен өз тағдырын өзі шешу ерік-жігерінің тарихи көрінісі болды», – деді.
Түркияның да Палестинаны сол күні мойындап, осы әділетті күрестің жанынан табылғанын еске салған Дуран былай деді:
«Арада өткен 38 жылдан кейін Газада болып жатқан геноцид пен ауыр гуманитарлық қасіреттер Палестина халқының тәуелсіз әрі егемен мемлекетте бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүру құқығын жүзеге асырудың енді кейінге қалдыруға болмайтын жауапкершілік екенін көрсетіп отыр. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның көшбасшылығымен Түркия 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын, аумақтық тұтастығы бар тәуелсіз және егемен Палестина Мемлекетінің орнауы мен өңірде тұрақты бейбітшілік қамтамасыз етілуі жолында Палестина халқын қолдауды жалғастыра береді».
Палестина Мемлекетінің құрылғанына 38 жыл толуымен құттықтаған Дуран «Палестиналық бауырларымыздың бостандық пен тыныштыққа толы жарқын болашаққа қол жеткізуін тілеймін», – деді.





















