ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Сенаты Катар және БАӘ-мен әскери келісімдерді тоқтатуға бағытталған қарар жобасын қабылдамады
АҚШ Сенаты сәрсенбі күні Президент Дональд Трамптың Катардан болашақта президенттік ұшақ ретінде пайдаланылатын 400 миллион доллар тұратын ұшақты қабылдауын көздейтін келісімге қатысты және басқа бір келісімді қамтыған екі қарар жобасын қабылдамады.
АҚШ Сенаты Катар және БАӘ-мен әскери келісімдерді тоқтатуға бағытталған қарар жобасын қабылдамады
/ AP

Сенаторлар Крис Мерфи, Крис Ван Холлен, Брайан Шатц, Тим Кейн, Берни Сандерс, Мэйзи Хироно және Джефф Меркли Катарға құны 1,9 миллиард доллар тұратын “MQ-9 Reaper” ұшқышсыз ұшу аппараттарын және Біріккен Араб Әмірліктеріне 1,3 миллиард долларлық “Chinook” тікұшақтарын сатуға тосқауыл қою үшін Сенатта дауыс беруді талап еткен болатын.

Алайда екі қарар жобасы да 39 дауысқа қарсы 56 дауыспен қабылданбады.

Сенатта дауыс беру алдында әріптестеріне үндеу жасаған сенатор Мерфи бұл елдердің АҚШ-тың аймақтағы маңызды серіктестері екенін атап өтіп, "Біз бұл елдермен әскери қатынастарымызды түбегейлі тоқтатамыз деп тұрғанымыз жоқ. Алайда бұл екі ел президентке сый-сияпат ұсынуға әзір болып отырған жағдайда біз қалыпты үдерісті мақұлдай да, қолдай да алмаймыз."- деді.

Президент Трамп мамыр айында Таяу Шығысқа жасаған сапары кезінде Катардан сый ретінде ұсынылған “Boeing 747-8” ұшағын қабылдайтынын айтып, былай деген еді: "Егер біреу бұл сыйды еліміз атынан қабылдамаса, нағыз АҚЫМАҚ болар еді."

Шамамен 400 миллион доллар тұратын деп бағаланған бұл ұшақ сыйы Республикалықтар мен Демократтар тарапынан этикалық және құқықтық сауалдар тудырды.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады