ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Түркістанда өткен турнирде алтын және қола медаль алды
Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында алғаш рет есу спортынан «Халықаралық Түркістан кубогы – 2025» турнирі өтті.
Түркия Түркістанда өткен турнирде алтын және қола медаль алды
Түркия Түркістанда өткен турнирде алтын және қола медаль алды / TRT

Турнирде қарсыластармен ғана емес, желмен де күрескен Түркия ұлттық құрамасының қыздар командасы алтын медаль мен кубокты жеңіп алса, ерлер командасы қола медаль мен кіші кубоктың иегері атанды.

Көне Түркістан қаласы бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің есу және каноэ секілді су спорттары бойынша олимпиада орталығына айналуда.

Ұлы Жібек жолының орталығында орналасқан Түркістанда олимпиада стандарттарына сай есу арнасы мен толық жабдықталған спорт кешені салтанатты түрде ашылды. 100 гектар аумақта бой көтерген бұл кешен жаңа спорт маусымын Халықаралық Түркістан турнирімен бастады.

Бұл жарыста түрік спортшылар Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Мажарстан және Өзбекстанның есу спортының ең үздік шеберлерімен Халықаралық Түркістан кубогы үшін бақ сынасты.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен турнирде қыздар командасы алтын медаль мен Халықаралық Түркістан кубогын, ал ерлер командасы қола медаль мен кіші кубокты қанжығасына байлады.

Қолайсыз ауа райына қарамастан, әйелдер арасында жұптық есу (W2X) санатында бірінші орынды иеленген Эйлюль Дениз бен Денизнұр Серра Байкара марапаттау рәсімінен кейін TRT арнасына сұқбат берді.

Денизнұр Серра Байкара: «Кеше қолайсыз ауа райына қарамастан бірінші орын алдық. Кубок алғанымызға өте қуаныштымыз»,- деді.

Түркия есу федерациясының басқарма мүшесі Бекир Севимли спортшылардың еңбегіне және жарыс нәтижелеріне көңілі толғанын айтты.
«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алдық. Бұл есу арнасы тамаша жасалған. Мұнда келгенімізге өте қуаныштымыз. Келесі халықаралық жарыстарда да осында келіп, команда болып өнер көрсетеміз», - деді.

Ерлер арасында жұптық есу (M2X) бойынша Өзбекстан және Қазақстан құрамаларынан қалыс қалмай жарысты қола медальмен аяқтаған Юнус Эмре Бибер мен Айдын Инанч Шахин Түркістан турнирінің кіші кубогын иеленді.

Түркиялық спортшы Айдын Инанч Шахин: «Қазақстанға алғаш келуім. Түркістан әдемі. Есу арнасы жаңа, әлемдік стандарттарға сай. Қазақстанға әрі Түркістанға пайдалы болады деп сенемін.  Есу арнасының айналасына демалатын орындар жасалған. Халық жарыстан тыс уақытта келіп демалады. Бұл өте жақсы. Бүгінгі жарыста біз үшінші орын алдық»,- деді.

Түркістанда өткен халықаралық турнир марапаттау рәсімімен аяқталды.

Спорттық және мәдени шаралардан бөлек, ауыл шаруашылығында суару мақсатында қолданылуы көзделген бұл спорт кешені Орталық Азиядағы ең ірі есу арнасы ретінде ерекшеленуде.

 

Іздеу
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді
Президент Ердоған Стамбулдың азат етілуінің 103 жылдығын атап өтті
Темекі шегуді ұнатпайтын жалғыз түрік ауылы
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам