ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Қытайлық тайконавттар ғарыштағы алты айлық миссиясынан кейін оралды
Тайконавттар Қытайдың өз орбиталық станциясында  ғылыми тәжірибелер мен станцияның күтім жұмыстарын жүргізді.
Қытайлық тайконавттар ғарыштағы алты айлық миссиясынан кейін оралды
/ Reuters

Мемлекеттік ақпарат көздерінің хабарлауынша, Шэньчжоу-19 миссиясының үш ғарышкері Қытайдың Тяньгун ғарыш станциясында алты ай міндет атқарғаннан кейін сәрсенбі күні Жерге аман-есен оралды.

Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, Цай Сючже, Сун Линдун және Ван Хаозе Ішкі Моңғолия автономиялық аймағының солтүстігіндегі Дунфэн қону алаңына қонды. Олардың оралуы ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн кешіккен болатын.

Қазан айында ұшырылған бұл ғарышкерлер Қытайдың өз  орбиталық станциясында әртүрлі ғылыми тәжірибе мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді.

Олардың миссиясы Шэньчжоу-20 экипажы станциядағы операцияларды сәтті қабылдап алғаннан кейін өткен аптада аяқталды.

Жаңа команда құрамында командир Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе бар. Олар өткен бейсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды. Жаңа команда да ғарыш станциясында алты ай бойы жұмыс істейді.

Іздеу
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"