Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде өмірін түрік тілі мен мәдениетіне арнаған тұлғаларды таныстыратын көрме ашылды.
Халықаралық Балқан университеті мен Байбурт университетінің ынтымақтастығымен Скопье қалалық музейінде ұйымдастырылған жоба Балқандағы түрік мәдени мұрасына назар аударуды көздейді. Көрмеде түрік тілі мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың портреттері қойылды.
Көрме Балқандағы түрік тілінің терең тарихын таныстырып, мәдени мұраны сақтауға бағытталған ерекше жоба ретінде назар аударып отыр.
Халықаралық Балқан университеті ректоры Лүтфи Сунар көрменің ашылуында сөз сөйлеп, мәдениет пен өнер саласындағы іс-шаралардың маңызын атап өтті. Жобаның мәдени мұраны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосатынын айтты.
Жоба кеңесшісі Сейхан Мүртезани: «Балқан түбегі түркі әлемінің тарихи жадында ерекше маңызға ие. Бұл өңірдегі түрік тілі мен мәдениетінің іздерін көпшілікке таныту – ортақ мәдени мұрамызды келешек ұрпаққа жеткізу тұрғысынан аса маңызды», – деді.
Жоба жетекшісі Седат Маден де: «Түрік тілі мен мәдениетіне үлес қосқан тұлғаларды бір жерге тоғыстырған бұл жоба аясында портреттер санын 100-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ түрік тілінің бай тарихын және осы мұраға үлес қосқан көрнекті тұлғаларды кеңінен танытуды мақсат етеміз», – деді.



























