САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді
АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі отыз жылдан астам уақыттан кейін ядролық қаруды сынау үдерісін қайта бастауға бұйрық бергеннен кейін үш күн өткен соң жасалды.
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынақтан өткізетін жалғыз ел емес екенін, Ресей мен Қытайдың да мұндай сынақтар жүргізіп жатқанын айтты. Трамп бұл мәлімдемесін «CBS News» телеарнасының «60 Minutes» бағдарламасына берген сұхбаты барысында жасады.

Бағдарлама жүргізушісі Нора О’Доннелл Солтүстік Корея ядролық қаруды сынайтын жалғыз мемлекет екенін айтқан сәтте Трамп сөзін бөліп, «Ресей сынақ жасап жатыр, Қытай сынақ жасап жатыр, бірақ ешкім бұл туралы айтпайды», - деді.

Трамп бұл мәлімдемені АҚШ әскеріне 30 жылдан астам уақыттан кейін ядролық қару сынағын қайта бастау жөнінде нұсқау бергеннен үш күн өткен соң жасады.

«Басқа елдер сынақ жүргізуде. Біз ғана сынақ жасамаймыз. Сынақ жасамайтын жалғыз ел болғымыз келмейді»,- деген Трамп бұл елдердің қаруларды нақты қай жерде сынақтан өткізіп жатқанын білудің мүмкін еместігін атап өтті.

Алып ядролық күш

Трамп ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін қайталады, бірақ сол қарулардың қалай жұмыс істейтінін білу үшін оларды сынақтан өткізу қажет екенін мәлімдеді. «Бұл қисынды емес пе? Ядролық қару жасайсыз да, кейін оны сынақтан өткізбейсіз. Оны қалай жасайсыз? Оның жұмыс істейтінін қалай білесіз?» - деді ол.

Трамп сондай-ақ АҚШ-тың орасан зор ядролық күшке ие екенін және бұл күштің басқа кез келген елден мықты екенін атап өтті. «Ресей екінші орында. Қытай үшінші орында, бірақ бес жыл ішінде теңеседі. Білесіздер, олар тез өндіруде. Ядролық қаруды азайту үшін бірдеңе жасауымыз керек... Бізде әлемді 150 мәрте жоя алатындай ядролық қару бар. Ресейде де өте көп ядролық қару бар, Қытайда да көп болады»,- деді ол.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді