ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирияда жергілікті топтар арасындағы қақтығыста ондаған адам қаза тапты
Сирия Ішкі істер министрлігі Сирияның оңтүстігінде жергілікті қарулы топ пен тайпа арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді. Министрлік қақтығысты тоқтату үшін тікелей араласуға уәде берді.
Сирияда жергілікті топтар арасындағы қақтығыста ондаған адам қаза тапты
/ Reuters
14 Шілде 2025

Сирияның Ішкі істер министрлігінің дүйсенбі күнгі мәлімдемесіне қарағанда, Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда уәлаятында қарулы бәдеуилер тайпасы мен дүрзі жасақтары арасындағы қақтығыста 30-дан астам адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланды.

Министрлік жексенбі түні Сувейданың әл-Мақус ауданында жергілікті қарулы топ пен тайпа арасындағы қанды оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

Министрліктің мәлімдемесінде «Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен өңірге тікелей араласып, қақтығыстарды тоқтату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқиғаға кінәлілерді жауапқа тарту және тиісті сот органына жолдау үшін қауіпсіздік органдарының әрекетке көшетінін растайды» делінген.

«Мекемелердің жетіспеушілігі»

Мемлекеттік «SANA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аймаққа орналастырылған кейбір әскерлер заңсыз қарулы топтардан бейбіт тұрғындарды қорғау кезінде қаза тапқан, алайда адам шығынына қатысты нақты мәлімет берілмеді.

Сирияның Ішкі істер министрі Анас Хаттаб Сувейда мен оның маңында жалғасып жатқан шиеленістердің басты себебі ретінде мемлекеттік мекемелердің әсіресе әскери және қауіпсіздік органдарының жоқтығын атап өтті.

Хаттаб өзінің «X» әлеуметтік парақшасында «Бұл жағдайдың жалғыз шешімі қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың іске қосылуы. Тек осы жолмен ғана  бейбіт өмір қайта орнайды және барлық сала қалпына келеді», - деді.

Жексенбі күні кешке Сувейдада жергілікті бәдеуилер тайпасы мен дүрзі жасақтары арасында атыс болып, көптеген бейбіт тұрғын мен жасақшы қаза тауып, жараланған болатын.

Сирияның 25 жылға жуық диктаторы болған Башар Асад желтоқсан айында Ресейге қашып, осылайша 1963 жылдан бері биліктегі Баас партиясы режимі тоқтаған болатын. Қаңтар айында Сирияда Ахмед Шараның басшылығымен жаңа уақытша үкімет құрылды.

Іздеу
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Ресей Украинаға шабуылдады
Иран жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшысын Оманға жіберді
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды
Ливияда жедел жәрдем тікұшағы құлап, бес адам қаза тапты
АҚШ-та сот шешімі мигранттарды қорғау мәртебесін әлсіретті
Түркия Израильдің шешімін айыптады
Колумбияда климаттық дағдарыс: 40 мың гектар жер су астында
Жапонияда қалың қар салдарынан 46 адам қаза тапты
Түркия Сыртқы істер министрі Иранда әуе шабуылдары режимнің өзгеруіне әкеп соқпайтынын мәлімдеді
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды
Сомали мен Сауд Арабиясы Қызыл теңіз қауіпсіздігін нығайту үшін қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркияның халық саны 86 миллионнан асты