АҚШ пен Канада арасындағы сауданың болашағы туралы «нәтижелі» келіссөз жүргізгендерін атап өткен Карни былай деді:
«Бұл — жұмысшыларымыз үшін жұмыс орындарын ашатын, отбасылардың сатып алу қабілетін арттыратын және Канаданың тіліне, мәдениеті мен егемендігіне толықтай құрмет көрсететін, екіжақты тиімді сауда келісімінің негізгі бағыттары бойынша жақында жүргізген сындарлы келіссөздеріміздің заңды жалғасы».
Карни өз ұжымдарының алдағы апталарда осы бағытта нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істейтінін білдірді.
АҚШ пен Канада арасында әсіресе Трамптың екінші президенттік кезеңінде кедендік тарифтер мен сауда саясатына байланысты келіспеушілік күшейген еді.
Канада премьер-министрі Карни 27 қазанда жасаған мәлімдемесінде АҚШ-пен сауда келісімі бойынша өтетін келіссөздерге тоқталып, АҚШ «қызыл сызықтарын» қабылдаған жағдайда келісімге келу ықтималдығы артатынын айтқан болатын.
Ал АҚШ президенті Трамп Мичиган штатында сөйлеген сайлау алдындағы сөзінде Канадамен сауда мәселесінің «жақын арада шешімін табатынын» мәлімдеген еді.






















