ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Испанияда қайықтан секірген 12 мигрант жоғалып кетті
15 тамыздағы дерекке сәйкес, жыл басынан бері аралдарға 4 323 мигрант келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 77 пайызға көп.
Испанияда қайықтан секірген 12 мигрант жоғалып кетті
/ Reuters

Испан билігінің хабарлауынша, Жерорта теңізінде Испанияның Балеар аралдарына қарай бағыт алған қайықтан секірген 12 мигрант із-түзсіз жоғалған.

Жергілікті билік сенбі күні сол қайықтағы тағы 14 мигранттың Кабрера аралының оңтүстік-шығысынан 58 шақырым қашықтықта құтқарылғанын мәлімдеді.

Ашық деректе құтқарылған мигранттардың билікке жұма күні қайықтан 12 адамның секіріп кеткенін айтқаны жеткізілді.

Сонымен бірге Солтүстік Африкадан шыққаны хабарланған жоғалғандарды іздеу үшін Испанияның азаматтық гвардиясы мен жағалау күзеті іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылды.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, биыл Солтүстік Африкадан Балеар аралдарына қарай бағытталған көші-қон айтарлықтай көбейген.

Жыл басынан бері 15 тамызға дейін аралдарға 4 323 мигрант барған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңіндегі 2 443 мигрантпен салыстырғанда 77 пайызға көп.

Ал Канар аралдары бағытына келетін мигранттар саны 46 пайызға қысқарған.

Іздеу
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды