ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған: «Газадағы геноцид  адам құқықтарына зиян келтірді»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Адам құқықтары күнін атап өту барысында Израильдің Газаға қарсы жүргізіп жатқан қатігез соғысын және ондағы күйреуді қатаң айыптады.
Ердоған: «Газадағы геноцид  адам құқықтарына зиян келтірді»
Ердоған: «Газадағы геноцид адам құқықтарына зиян келтірді» / Reuters

Ердоған жаһандық құндылықтардың әлсірегенін айтып, бейбітшілікті қамтамасыз ету және анклавты қайта қалпына келтіру үшін бірлескен күш-жігерге шақырды.

Түркия президенті сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Газа секторында 70 мыңнан астам палестиналықтың өмірін қиған Израиль геноциді Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда бекітілген құндылықтардың «айтарлықтай әлсірегенінің» айқын көрінісі екенін айтты.

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация бас­қар­ма­сы жариялаған мәлімдемеде Ердоғанның Адам құқықтары күнінде: «Өкінішке қарай, халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қарамастан Газа мен басып алынған Палестинада айуандық әрекеттер жалғасып жатыр» деген сөзі жарияланды.

Ердоған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясының қабылданғанына 77 жыл толуымен түрік халқын және бүкіл адамзатты құттықтап, адамзаттың ортақ құндылықтары мен жетістіктерін көрсететін бұл маңызды құжаттың жеке адамның құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жаһандық міндеттеме ретіндегі маңызын сақтап тұрғанын айтты.

Сонымен қатар декларацияда көрсетілген қағидалар мен нормалардың әлемнің көптеген өңірінде өрескел бұзылып жатқанын, ал бейбітшілік пен әділет секілді ұғымдардың өз орнын жоғалтқанын атап өтті.

«Газа қираған үйіндіге айналғандықтан, оны ең қысқа мерзімде қалпына келтіру ˗ бүкіл адамзаттың ортақ жауапкершілігі», - деді президент.

Газада бейбітшілік

Президент Газада әділ әрі тұрақты бейбітшілікке бастайтын жол Түркияның атсалысуымен қамтамасыз етілген атысты тоқтатуды күшейтуден және екі мемлекет негізіндегі шешімді жүзеге асырудан басталатынын айтты.

Сонымен қатар ол Израильдің құқық пен тәртіпті аяқ асты етуді жалғастырып отырғанын, 11 қазаннан бері атысты тоқтату режимін бұзған шабуылдарда кемінде 370 палестиналықтың қаза тапқанын жеткізді.

«Газаның қайтадан қақтығыс орталығына айналуына жол бермеу үшін халықаралық қауымдастықтың Израильге қысымды арттыруы аса маңызды», - деді Ердоған.

Түркияның бейбітшілік пен диалогқа беріктігі

Ердоған Анкараның Судандағы қантөгісті тоқтатып, елде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесу үшін бейбітшілік пен диалогқа негізделген күш-жігерін жалғастырып жатқанын айтты.

Президент нәсілшілдік, исламға қарсы өшпенділік және ксенофобиямен күресудің Декларацияда бекітілген қағидаттарды қорғау үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Жеккөрушілік қылмыстарын елемеу, оларға қарсы қажетті шаралар мен санкциялар қолданбау, тіпті оларды сөз бостандығы желеуімен қолдау ешқашан қабылданбайды», - деді ол.

Ердоған сөзінің соңында: «Тарихи мұрамызбен Түркия ретінде тіліне, нәсіліне немесе тегіне қарамастан, әсіресе өз аймағымыз бен мәдени кеңістігімізде, бүкіл әлемде адам құқықтары мен адамның қадір-қасиетін қорғауды және жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ең жоғары деңгейде үлес қосуды жалғастырамыз», - деді.

Іздеу
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты