САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қаратеңіздегі теңіз қауіпсіздігі орталығын іске қосу қажеттігін мәлімдеді.
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Қаратеңіздегі шиеленістің күшеюіне назар аударып, Түркия, Румыния және Болгария арасындағы теңіз қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың артуын құптайтынын айтты.

Фон дер Ляйен бұл туралы Румыния астанасы Бухарестте ел президенті Никушор Данмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еуропалық одаққа мүше елдер өз шекараларында туындайтын дағдарыстарға жедел әрекет ету мүмкіндіктерін күшейтуі қажет.

«Жақында Қаратеңізде болған қайғылы оқиғалар – соның айқын мысалы», – деді ол.

Фон дер Ляйен Румынияға іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 10 миллион еуро бөлінетінін хабарлады.

Сонымен қатар ол Қаратеңіздегі теңіз қауіпсіздігі орталығын іске қосу қажеттігін атап өтті. Бұл бастама алғаш рет 2025 жылдың ортасында ұсынылған болатын.

«Сол уақыттан бері қауіпсіздік жағдайы біз ойлағаннан әлдеқайда тез нашарлады.

Осыған байланысты Түркия, Румыния және Болгария арасындағы теңіз қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың нығаюын құптаймын», – деді фон дер Ляйен.

Ол қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелерінде шұғыл әрекет ету қажеттігін айтып, Қаратеңіздегі теңіз қауіпсіздігі орталығын құру жұмыстарын жеделдететіндерін мәлімдеді.

Сондай-ақ орталықты толық іске қосу үшін нақты мерзім белгіленіп, осы мақсатқа арнайы 50 миллион еуро бөлінетінін хабарлады.

Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысты фон дер Ляйен: «Украинада атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмейінше, Еуропаның қауіпсіздік жүйесіне қатысты маңызды келіссөздер жүргізу мүмкін емес. Мұндай келіссөздер НАТО-ға одақтас елдер мен Еуропалық одақ мүшелерінің қатысуымен тиісті алаңда өтуі тиіс», – деді.

 

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»