СПОРТ
1 ... минут оқылды
8-ші Этноспорт мәдениет фестивалі басталды
Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған 8-ші Этноспорт мәдениет фестивалі Стамбул Ататүрік әуежайында келушілерді қабылдай бастады.
8-ші Этноспорт мәдениет фестивалі басталды
8-ші Этноспорт мәдениет фестивалі басталды (AA)

«TRT» телерадиокомпаниясы ақпараттық серіктес болған және биыл 21-24 мамыр аралығында өтетін фестивальдің ьеташары Стамбул Ататүрік әуежайында құрылған Хан шатырының алдында оқушылардың «Гүлбанк» дәстүрімен көрсеткен қойылымымен басталды. Бұдан кейін Стамбул тарихи түрік музыкалық ансамблінің мехтер (әскери оркестр) тобы өнер көрсетті.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған фестиваль барысында мәдени құндылықтардың ұлықталатынын айтты.

Келушілерге ілтипат білдірген Ердоған фестиваль аясында балуандар күресі мен ат спорты ойын-сауықтары бастаған түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылатынын атап өтті.

Фестиваль шеңберінде өтетін шараларда балалар мен отбасылардың төл мәдениетпен қауышатынын білдірген Ердоған: «Биыл да осы жерде 4 күн бойы мәдениетіміздің бай мұрасын бәріміз бірге сезінеміз. Балаларымызбен, үлкендерімізбен бірге отбасымызбен дәстүрдің лебін, рухын сезініп, дүниенің төрт бұрышынан келген өнерпаздарды, спортшылар мен мәдениет қайраткерлерін осы жерде бірге күтеміз. Бүгін бұл жерге келген балалар мәдени байлықтың қаншалықты құнды, қаншалықты маңызды екенін көріп, сезінеді», — деді.

Стамбул қаласының халықаралық маңызына назар аударған Ердоған балалармен бірге лентаны қиып, фестивальді ресми түрде ашты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті