ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Президенттік 7-ші Халықаралық яхта жарысының алғашқы кезеңі — «Ұлттық егемендік кубогы» 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесінің құрметіне Босфор бұғазында басталды.
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды

Президент әкімшілігінің қолдауымен, Мәдениет және туризм министрлігі мен Жастар және спорт министрлігінің ынтымақтастығында Стамбул ашық теңіз яхта жарысы клубы ұйымдастырған жарысқа 14 елден 500 спортшы қатысып, Чанаккале бағытына жолға шықты.

Долмабахчеде Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның қаруластарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталған және 3 сағаттан астам уақытқа созылған жарыста спортшылар жел мен күрделі жолға қарсы стратегиялық айқас жүргізді. Стамбул халқы желкендердің 23 сәуір мерекесімен ұштасқан салтанатты көрінісіне куә болды.

«Ұлттық егемендік кубогы» үшін бақ сынасқан командалар бұғаз кезеңін аяқтап, Чанаккале бағытына қарай желкен жайды.

Стамбул ашық теңіз яхта жарысы клубының төрағасы Экрем Йемлихаоғлу әр кезеңнің өзіндік рухы мен тарихы бар екенін айтып, былай деді: «Президенттік 7-ші Халықаралық яхта жарысы — бұл жай ғана спорттық шара емес, сонымен қатар Түркияның теңіздегі қуатын әлемге паш ететін мәртебелі көрме іспетті. Мақсатымыз — осынау ерекше күндердің рухани мәнін теңіздегі күресімізбен ұштастыру, туымызды халықаралық суларда мақтанышпен желбірету және бұл спортты келер ұрпаққа кәсіби деңгейде аманаттау».

Тарихқа тағзым жарысы

Чанаккале жеңісінің 111 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тарихқа тағзым жарысында» спортшылар Чанаккале желіне қарсы жүзеді. 104 теңіз милі бойы жалғасатын қиын күресте Чанаккалеге бірінші жеткен команда «Жағалау күзеті кубогын» иеленеді.

Спортшылар 25 сәуірде Чанаккале бұғазында (Дарданелл) күресті жалғастырады. Үш күнге созылатын тартысты жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда «Жеңіс кубогын» алады.

Жарыстың екінші кезеңі — 19 мамырда, үшінші кезеңі — 30 тамызда, ал финалдық «Республика кубогы» кезеңі 29 қазанда Стамбул бұғазында өтеді.

Іздеу
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды