ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен кездесуде экономикалық және сауда қатынастары басты назарда болғанын мәлімдеді.
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Президент Ердоған және Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Оңтүстік Кореямен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен Сеулге барған Ердоған делегациялар арасындағы келіссөздерден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Ердоған Түркия мен Оңтүстік Корея арасындағы тарихи достықтың негізі 76 жыл бұрын Корей соғысы кезінде түрік сарбаздарының Кореяның тәуелсіздігі жолындағы жанқиярлық ерлігімен қаланғанын еске салды. Ол екі ел арасындағы кездесулер мен келіссөздер ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, болашаққа бағытталған байланыстарды нығайта түсетінін атап өтті.

Түркия басшысы Оңтүстік Корея президентімен кездесуде экономикалық және сауда қатынастарына басымдық берілгенін, сондай-ақ атом энергетикасы мен тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың маңызды орын алғанын жеткізді.

«Біз аккумулятор өндірісі, жасанды интеллект және жартылай өткізгіштерді қоса алғанда, жоғары технологиялардың көптеген саласында Кореямен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береміз. Өздеріңіз білетіндей, қорғаныс өнеркәсібі – стратегиялық серіктестігіміз нақты нәтижелер берген негізгі салалардың бірі. Президентпен кездесу барысында өздігінен жүретін «Fırtına» артиллериялық қондырғылар мен «Аltay» танкісі сияқты бірлескен жобалардың санын арттыру қажеттігін атап өттік», – деді Ердоған.

Президент Ердоған халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары көбіне сәйкес келетінін атап өтті.

«Халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастарымыз негізінен бір-біріне сай келеді. Біз Корей түбегінде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған диалогқа негізделген тәсілді қолдаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар Түркия президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы, МИКТА және «G20» сияқты көпжақты халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты бүкіл адамзаттың игілігі үшін одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді