ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Көшбасшылар қақтығыстардың алдын алуды басымдыққа айналдыру жөнінде келісімге келді.
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды

Африка Одағының көшбасшылары құрлықта жалғасып жатқан қақтығыстардың алдын алу және оларды шешу механизмдерін талқылау үшін Анголаның астанасы Луандада кезектен тыс саммитте бас қосты.

Африка Одағы Мемлекет және үкімет басшылары ассамблеясының 21-ші кезектен тыс сессиясы Ангола президенті Жоау Мануэль Гонсалвеш Лоренсудың ұйытқы болуымен Луандада өтті.

Құрлықтағы қақтығыстардың алдын алу және оларды шешуге арналған қолданыстағы механизмдердің тиімділігі каралған саммитте Африканың бейбітшілік пен қауіпсіздік саласында тап болып отырған мәселелері және оларға қарсы бірлесе әрекет ету мүмкіндіктері талқыланды.

Африка Одағы Комиссиясының Төрағасы Махмуд Али Юсуф саммитте сөйлеген сөзінде Судан, Конго Демократиялық Республикасының шығысы, Сомали, Сахель, Ливия және Мозамбиктің солтүстігіндегі дағдарыстарға назар аударды.

Терроризм, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм, қарақшылық және трансшекаралық қылмыстар құрлықтың алдында тұрған қауіпсіздік қатерлерінің қатарында екенін атап өткен Юсуф бұл қатерлерге қарсы бұдан да пәрменді әрекет қажеттігін айтты.

Юсуф қақтығыстар болғаннан кейін араласудың орнына алдын алу механизмдерін күшейту керектігін баса айтып, «Алдын алу біздің басты басымдығымызға айналуы тиіс», — деді.

Құрлықтық ерте ескерту жүйесін күшейту қажеттігін атап өткен Юсуф Африка Одағы шешімдерін анағұрлым тиімді жүзеге асыруға, бейбітшілік операцияларын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және Африка Одағының Бейбітшілік қорын толыққанды іске қосуға шақырды.

Ангола президенті Жоау Лоренсу да Африканың қақтығыстардың алдын алу мен оларды шешу бойынша иелік ететін саяси, дипломатиялық, қаржылық және институционалдық құралдарын тиімдірек пайдалану қажеттігін тілге тиек етті.

Лоренсу қақтығыстар соғысқа ұласпай тұрып алдын алу үшін құрлықтың жедел араласу және дәнекерлік ету әлеуетін арттырудың маңыздылығын баса айтты.

Іздеу
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді