ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Жозеф Аунмен сөйлесті
Режеп Тайып Ердоған Ливан Республикасының президенті Жозеф Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Түркияның Ливанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық жүйеге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Президент Ердоған Жозеф Аунмен сөйлесті
Президент Ердоған Жозеф Аунмен сөйлесті / AA
24 Желтоқсан 2025

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ливан президенті Жозеф Аун екіжақты қарым-қатынастарды және өңірлік мәселелерді талқылады. Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, сейсенбі күні өткен телефон әңгімесінде Ердоған Түркияның әрдайым Ливанның тұрақтылығы мен егемендігін қолдайтынын атап өтіп, екі елдің сауда және инвестиция салаларында зор әлеуетке ие екенін жеткізген.

Президент Анкараның Ливанның қауіпсіздігін қолдайтын халықаралық жүйеге қолдау көрсетуге дайын екенін айтып,  Ливаннан Кипр түріктерінің құқықтары мен мүдделерін ескеретін ұстаным күтетінін мәлімдеді.

Өңірлік даму мәселелеріне де тоқталған Ердоған Сириядағы ауқымды өзгерістердің өңір тұрақтылығына үлес қосуы үшін Түркияның қолдауын жалғастыратынын айтты.

Израильдің агрессивті ұстанымы

Мәлімдемеде сондай-ақ Режеп Тайып Ердоғанның Израильдің Ливанға қатысты агрессивті ұстанымын қабылдамайтыны атап өтілді.

Израиль мен Ливан Газада соғыс жүріп жатқан тұста бір жылдан астам уақытқа созылған шекарааралық шабуылдардан кейін 2024 жылдың қарашасында атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Бұл шабуыл салдарынан 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 17 мың адам жарақат алды.

Атысты тоқтату келісіміне сәйкес, Израиль күштері қаңтар айында Ливанның оңтүстігінен толықтай шығуы керек болатын, алайда әскердің шығарылуы ішінара ғана жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Израильдің бес шекара бекетінде әлі де әскер бар.

Іздеу
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды
Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр 23 жылға сотталды
Иранда қаза тапқандар саны 4519-ға жетті
YPG шабуылынан 7 адам қаза тапты
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті
Түркия кейбір күдіктеріне қарамастан Сирия–YPG келісімін қолдайды
Президент Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады
Миннеаполисте 10 мыңнан астам мигрант ұсталды
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Үндістан мен БАӘ байланыстарын нығайтпақ
ДАИШ-тің 81 тұтқыны қайта қолға түсті
Түркия Сирия армиясының қолдауымен ДАИШ лаңкестерінің босатылғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады
Ирандағы шерулерде  қаза тапқандар саны 4 000-нан асты