САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Украина мен Еуропа елдерінің соғысты жалғастыруға дайындалып жатқанын мәлімдеп, «Киев тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді шешімдерді талқылауға дайын емес», – деді.
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) мүше елдердің Қауіпсіздік кеңес хатшылары Ресейдің астанасы Мәскеуде бас қосты.

Жиында сөз сөйлеген Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Батыстың әлемдегі шиеленісті арттырып отырғанын, бұл жаһандық қақтығыс әлеуетінің біртіндеп өсуіне әкеп соқтыратынын атап өтті.

Украина дағдарысына тоқталған Шойгу АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның командасының дағдарысты шешуге бағытталған бастамаларын жоғары бағалайтындарын жеткізді.

Еуропа елдерінің Киевке әскери және қаржылай қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанына назар аударған Шойгу: «Украина мен оның еуропалық жақтастары бейбітшілікке емес, соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр. Әлеуметтік және экономикалық проблемалар артқанына қарамастан, Киев тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді шешімдерді талқылауға дайын емес», – деді.

Еуропаны әскерилендіру процесінің жалғасып жатқанын айтқан Шойгу НАТО-ның Польша мен Балтық жағалауы елдеріндегі әскери инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған қадамдар жасап жатқанын мәлімдеді.

Іздеу
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»
Францияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АҚШ сенаторы Сандерс: “Иранмен соғыс заңсыз әрі Конституцияға қайшы”
Рязань облысындағы өнеркәсіп нысандарына шабуыл жасалды
Зеленский Кушнер және Уиткоффпен телефон арқылы сөйлесті
Президент Трамп республикашылдардың сайлаудағы жеңілісін Ирандағы соғыспен байланыстырды
«Италиямен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз»
«Фенербахче» клубы «Ливерпульді» жеңді
Сирия президенті Шара ресми сапармен Сауд Арабиясына барды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан 3 адам қаза тапты
Абдул Эль-Сайед АҚШ Сенатына сайланған алғашқы мұсылман атанды
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
Трамп Израильге берілетін 4 миллиард долларлық көмектің тоқтатылатынын мәлімдеді