САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды
Израиль Ливанға әуе шабуылдарын жасап, үйлер мен дүкендерді, ғибадат орындарын және азаматтық қорғаныс жасақтарын нысанаға алып, атысты тоқтату келісімін тағы да бұзды.
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды / Reuters

Ливан баспасөзінде жарияланған мәліметтерге сәйкес, Израиль атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Ливанның азаматтық қорғаныс топтарын нысанаға алды. Шабуылдарда  12 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі бейсенбі күні Израильдің Сур аймағындағы Айн-Баал елді мекенінде көлікке жасаған шабуылынан екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

Израиль Набатия аймағындағы Хаббуш жолындағы жүк көлігіне шабуыл жасап, екі адамды өлтірді. Қаладағы тағы бір шабуылдан бір адам мерт болып, көптеген адам жараланды. Шабуыл салдарынан үйлер мен жұмыс орындарына залал келтірді.

Харуф елді мекеніндегі үйге жасалған Израиль шабуылынан бір адам қаза тауып, үш адам жараланды.

Сондай-ақ Дейр әз-Захраниға жасалған және бір ғимаратты қиратқан шабуылдан да бір адам көз жұмды. Ал Дуэйр елді мекеніне жасалған шабуылдан бір адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Израильдің өзге шабуылдарында Айн-Баалда бір адам, Набатия аймағындағы Брекка қиылысы маңында мотоциклді нысанаға алған шабуылдан тағы бір адам қаза тапты.

Мейфадун жолындағы Сафа бекетінің маңында жүк көлігіне жасалған бөлек Израиль шабуылынан да бір адам мерт болды.

Набатияның Тул аймағына жасалған және азаматтық қорғаныс жасағын нысанаға алып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген шабуылда екі адам жараланды.

Израильдің тағы бір шабуылы Мержаюн аймағындағы Медждел Селмде азаматтық қорғаныс тобын нысанаға алып, көптеген адамның жаралануына себеп болды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

 

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты