ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ДДСҰ басшысы Израильдің Газа қаласындағы қызметкерлер тұратын үйге 3 рет шабуыл жасағанын мәлімдеді
Тедрос Адханом Гебрейесус Израиль әскерінің әйелдер мен балаларды жаяу көшуге мәжбүр еткенін, ер қызметкерлерді болса оқиға орнында кісендеп, шешіндіріп, тергегенін айтты.
ДДСҰ басшысы Израильдің Газа қаласындағы қызметкерлер тұратын үйге 3 рет шабуыл жасағанын мәлімдеді
/ AA

БҰҰ-ның Денсаулық сақтау жөніндегі агенттігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Израиль күштерінің Газаның Дейр-Белах қаласындағы ДДСҰ қызметкерлеріне арналған тұрғын үйге және негізгі қоймаға үш рет шабуыл жасағанын, қызметкерлер мен олардың туыстарын қамауға алғанын хабарлады.

Тедрос: «Израиль әскері ғимаратқа басып кіріп, ұрыс жүріп жатқан сәтте әйелдер мен балаларды әл-Меваси аймағына жаяу көшуге мәжбүр етті», – деді.

Оның айтуынша, қызметкерлер мен олардың ортбасындағы ер адамдар оқиға орнында кісендеп, шешіндірілген, тергеліп, қару қолдану арқылы тінтілген. Сонымен қатар екі ДДСҰ қызметкері мен екі отбасы мүшесі тұтқындалған.

Тедростың айтуынша, кейінірек үш адам босатылды, алайда бір қызметкер әлі де қамауда. Ол жағдай тұрақталған бойда ДДСҰ-ның 32 қызметкері мен олардың туыстары ұйым кеңсесіне көшірілгенін де атап өтті.

«ДДСҰ тұтқындалған қызметкердің дереу босатылуын және барлық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді», – деді Тедрос.

Кешіккен бітім

Израильдің Дейр-Белахтағы соңғы көшіру бұйрығына қатысты алаңдаушылығын білдірген Тедрос бұл шешімнің ДДСҰ-ның көптеген нысанына әсер еткенін, ұйымның Газа секторындағы жұмыс жүргізу мүмкіндігін әлсіреткенін және онсыз да күйреу алдында тұрған денсаулық сақтау жүйесін одан әрі құлдыратқанын атап өтті.

«ДДСҰ-ның Дейр-Белахтағы негізгі қоймасы көшіру аймағының ішінде орналасқан және кеше жасалған шабуыл кезінде болған жарылыс пен өрт салдарынан қойма зақымданды», – деді ол.

«ДДСҰ мүше мемлекеттерге Газаға үнемі және тұрақты түрде медициналық көмек жеткізілуін қамтамасыз ету үшін шұғыл үндеу жолдайды», – деп мәлімдеді және ұйым жұмысының үзілуі Газа секторындағы бүкіл денсаулық сақтау ісіне үлкен соққы болғанын айтты. «Бітім  - кешіккен шара», – деп қосты ол.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты