ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия экономикасы 3,7% өсті
Президент Ердоған экономикалық серпінді, артқан туризм кірістерін, Африкамен кеңейіп келе жатқан әріптестікті және жаңа қорғаныс бастамаларын атап өтті.
Түркия экономикасы 3,7% өсті
Президент Ердоған 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 50 миллиард доллар кіріспен туризмдегі тарихи рекордты жариялады. / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Анкарада өткен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі Парламенттік топтың жиналысында Түркия экономикасының үшінші тоқсанда жылдық негізде 3,7 пайыз өскенін айтты. Ол экономиканың 21 тоқсан бойы үздіксіз өсіп келе жатқанын және бұл көрсеткіштің Түркияны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер арасында төртінші орынға шығарғанын атап өтті.

Ердоған сондай-ақ алғашқы тоғыз айда туризм кірісінің 50 миллиард долларды құрап, тарихи рекорд жаңартқанын, келушілер санының былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 пайыз артқанын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Түркияның несие тәуекел сыйақысы 233 базистік балға дейін төмендеп, соңғы 7 жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен. Ердоған қараша айындағы инфляцияның 0,87 пайыз деңгейінде болуы және негізгі тауарлар инфляциясының құлдырап, 18 пайызға дейін төмендеуі үкіметтің инфляцияны бақылау мен төмендетуге бағытталған бағдарламасына сенімді күшейткенін жеткізді.

Африкамен артып келе жатқан сауда қатынастары

Сыртқы байланыстарға да тоқталған президент Ердоған Түркияның Африкамен сауда көлемі жиырма жыл ішінде 5 миллиард доллардан 37 миллиард долларға дейін өскенін, ал мақсаттың 50 миллиард доллар екенін айтты.

Президенттің мәлімдеуінше, түрік компаниялары Африка құрлығына  10 миллиард доллар көлемінде инвестиция салып, жалпы құны 97 миллиард доллар болатын 2 000-нан астам жобаны аяқтады.

41 елде 64 бағытқа ұшатын Түрік Әуе жолдары Африка құрлығындағы ең кең әуе қатынас желісіне ие компаниялардың бірі.

Президент Ердоған сондай-ақ 2026 жылды дипломатия тұрғысынан бетбұрыс кезеңі деп жариялап, Түркияның «COP31» саммитін, НАТО саммитін және Түркі Мемлекеттері Ұйымының 13-ші саммитін өткізетінін айтты. Ердоған қорғаныс саласындағы жетістіктерді де атап өтті.

Оның айтуынша, 29 қарашада сынақтан өткен «KIZILELMA» ұшқышсыз шабуыл ұшағы – алыс қашықтықтағы әуе нысанын атып түсіре алған алғашқы қаруланған ұшқышсыз әуе аппараты. Бұл Түркияның әуе қорғанысына стратегиялық артықшылық береді.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін