ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің экспорты 11 айда рекорд жаңартты
Түркия қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы сектордың жоғары қосылған құны жоғары өнімдер бойынша тұрақты өсімге қол жеткізгенін, экспорт бағыттарын кеңейткенін және жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтқанын айтты.
Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің экспорты 11 айда рекорд жаңартты
Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің экспорты 11 айда рекорд жаңартты / AA

Түркия қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Халук Гөргүннің мәлімдеуінше, Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты қаңтар-қараша айларында жылдық есеппен 30 пайыз өсіп, 7,4 миллиард долларға жетіп, тарихи рекорд орнатты.

Гөргүн бейсенбі күні түрік әлеуметтік медиа платформасы «Nsosyal» арқылы қорғаныс және авиация экспортының 2025 жылдың қараша айында 747 миллион долларға жеткенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайыз өскенін хабарлады.

Гөргүн: «Осы қарқынмен секторымыз тек қараша айындағы өсіммен ғана емес, жыл бойынша жалпы көрсеткішімен де жаңа рекордқа қол жеткізді. 11 айдағы экспорт нәтижелері жылдық көрсеткіш бойынша барлық уақыттағы ең жоғары деңгейден асты», - деді.

Ол бұл нәтижелер сектордың қосылған құны жоғары өнімдер бойынша тұрақты өсуді жалғастырып, экспорт көлемін кеңейтіп, жаһандық нарықтардағы бәсекелік қабілетін арттырғанын атап өтті.

Гөргүннің айтуынша, Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басты мақсаттарының бірі ˗ экспорттаушы компаниялардың санын арттыру, шағын және орта кәсіпорындарды жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялау және тұрақты, қосылған құны жоғары экспорт моделін дамыту.
«Түркия қорғаныс өнеркәсібінде өндіретін, дамытатын және экспорттайтын қуатты экожүйемен өз жолын нық әрі табанды түрде жалғастырып келеді», - деп қосты Гөргүн.

Ал Түркияның жалпы экспорт көлемі бейсенбі күні жарияланған деректерге сәйкес, қараша айында жылдық есеппен 2,2 пайыз өсіп, 22,7 миллиард долларға жеткен.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады