САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «НАТО саммитіне Ердоған үшін қатысамын»
АҚШ президенті Түркияны қуатты әскери әлеуеті мен ауқымды қару-жарақ қорына ие НАТО-ның маңызды мүшесі ретінде бағалады.
Трамп: «НАТО саммитіне Ердоған үшін қатысамын»
«Мен (НАТО саммитіне) президент Ердоған үшін қатысамын», — деді Трамп. / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Анкарада өтетін НАТО саммитіне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға деген құрметі үшін қатысатынын, егер жиын басқа елде ұйымдастырылса, бармауы мүмкін екенін айтты.

Сәрсенбі күні Ақ Үйде журналистерге мәлімдеме жасаған Трамп Түркияны НАТО-дағы ең ірі әскери күштердің бірі деп атап, елдің әскери мүмкіндіктері көп жағдайда лайықты бағаланбайтынын жеткізді. Ол Түркияның ауқымды әскери техника қорына және Вашингтонмен көпжылдық қорғаныс саласындағы ынтымақтастығына назар аударды.

«Егер саммит Түркияда өтпесе, қатыспаушы едім. Мен президент Ердоғанға деген құрметім үшін Түркияға барамын», – деді Трамп.

Сонымен қатар Түркияның «F-35» жойғыш ұшақтары мен олардың қозғалтқыштарына қатысты өтініші жөнінде қойылған сұрақ Трамп: «Түркияны қатты қуантатын қадам жасауымыз әбден мүмкін» деп жауап берді.

Түркия 7–8 шілде күндері Анкарада өтетін НАТО саммитіне дайындалып жатыр.

Ал НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Түркияның өте ірі қорғаныс өнеркәсібі инфрақұрылымына ие екенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - "Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?