САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ердоған Трампқа: "Венесуэла тұрақсыздыққа итермеленбеуі керек"
Түркия президенті "Дос Венесуэла халқының өркендеу, бейбітшілік және даму жолындағы күресіне Түркия және түрік халқы қолдауын жалғастырады" деді.
Ердоған Трампқа: "Венесуэла тұрақсыздыққа итермеленбеуі керек"
Ердоған Трампқа: "Венесуэла тұрақсыздыққа итермеленбеуі керек" / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон әңгімесінде Николас Мадуро ұсталғаннан кейін Венесуэланың тұрақсыздыққа ұрынбауы керектігін айтты.

Дүйсенбі күнгі министрлер кабинетінің отырысынан кейін Ердоған егемендік құқықтарын бұзу және халықаралық құқықты аяқасты ету жаһандық деңгейде күрделі мәселелерге әкеп соқтыруы мүмкін қауіпті қадамдар екенін білдірді.

«Түркия халықаралық құқықты бұзатын ешқандай әрекетті құптамайды», — деген Ердоған Анкараның Түркия үшін де, дос Венесуэла халқы үшін де ең игілікті іс жасауға тырысып жатқанын жеткізді.

Президент Ердоған Түркия мен түрік халқының өркендеу, тыныштық пен даму жолындағы күресінде дос Венесуэла халқының қасында болуды жалғастыратынын айтып, «Мадуро мырза мен Венесуэла халқы біздің ұлтымыздың досы екенін талай рет дәлелдеді», — деп атап өтті. Сонымен қатар Ердоған ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын баса айтты.

Президент Түркияның әлемнің кез келген нүктесінде әділдікті, заңдылықты және халықаралық құқықты қорғайтын елдердің алдыңғы қатарында екенін мәлімдеді.

АҚШ сенбі күні таңертең ерте Мадуро мен әйелін әскери базада орналасқан үйлерінен ұстап алып, Нью-Йоркте соттау үшін АҚШ-тың әскери кемесіне отырғызды. АҚШ Әділет министрлігінің айыптау қорытындысына сәйкес, Мадуро мен әйелі «есірткі терроризмі» әрекеттеріне қатысты деп айыпталуда.

Мадуро дүйсенбі күні Манхэттендегі сотта алғаш рет судья алдына шығып, АҚШ таққан барлық айыптарды жоққа шығарды.

Іздеу
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»