САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ұлыбритания Израильдің басып алынған Батыс Шерияда жаңа заңсыз қоныстарды мақұлдауын сынға алды
Халықаралық сот Израильдің Палестина аумағын басып алуын заңсыз деп жариялады.
Ұлыбритания Израильдің басып алынған Батыс Шерияда жаңа заңсыз қоныстарды мақұлдауын сынға алды
Батыс Шерияда жаңа заңсыз қоныстарды мақұлдауын сынға алды / Anadolu Agency

Ұлыбритания басып алынған Батыс Шерияда Израиль үкіметінің 19 жаңа заңсыз қонысты бекітуін айыптады.

Ұлыбританияның Таяу Шығыс істері жөніндегі министрі Хэмиш Фэлконер «Ұлыбритания Палестинада Израиль үкіметінің жаңа 19 қонысты бекітуін айыптайды. Бұл — халықаралық құқық бойынша заңсыз», — деп жазды.

Израиль қаржы министрі Бецалель Смотрих соңғы бірнеше жылда жаңа қоныс саны 69-ға жеткені туралы хабарлады.

«Бұл 20 тармақтық жоспарды және тек екі мемлекет шешімі арқылы ғана қамтамасыз етілетін ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздік перспективаларын әлсіретеді», — деп ескертті Фэлконер.

Палестиналық деректерге сәйкес, 2023 жылғы қазаннан бері Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар басып алынған Батыс Шерияда, соның ішінде Шығыс Иерусалимде, кем дегенде 1 102 палестиналықты өлтірген, шамамен 11 000 адам жараланған және шамамен 21 000 адам тұтқындалған.

Өткен жылдың шілдесінде Халықаралық Сот Израильдің Палестина аумағын басып алуын заңсыз деп танып, басып алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі барлық қонысты босатуды талап етті.

Бұдан бұрын Смотрих басып алынған Шығыс Иерусалимде 3 600 тұрғын үй бірлігін қамтитын жаңа заңсыз қоныс орнату жоспарын мақұлдаған.

Смотрих “X” желісінде бұл қоныс «Иерусалимді шығыстан қорғауға арналған стратегиялық база» қызметін атқаратынын жариялап, оның басып алынған аумақтағы бақылауды күшейту саясатінің бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді