ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Министр Фидан АҚШ-тың Түркияға қатысты санкциялары мәселесіне тоқталды
Фиданның айтуынша, президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамптың CAATSA аясындағы санкцияларды алып тастауға қатысты берік саяси ерік-жігері бар.
Министр Фидан АҚШ-тың Түркияға қатысты санкциялары мәселесіне тоқталды
Сыртқы істер министрі Фидан жеке телеарнаның тікелей эфирінде.

Фиданның айтуынша, президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамптың «Американың қарсыластарына санкциялар арқылы қарсы тұру туралы» заң (CAATSA) аясындағы санкцияларды алып тастауға қатысты берік саяси ерік-жігері бар.

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жеке телеарналардың біріне берген сұқбатында күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Хакан Фидан Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста жылдар бойы күрделі де оң үрдістердің қатар жүргенін айтып, сауда, экономика, халықтар арасындағы байланыстар, білім беру және технология салаларындағы ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Фидан геосаяси мәселелердің екіжақты қатынастардағы негізгі қиындықтардың бірі болғанын айтып, Барак Обама президенттігі кезінде АҚШ-тың Сирияға қатысты саясаты өзгергенін еске салды.

«Башар Асад пен оның режиміне қарсы күрес бір мезетте ДАИШ-ке қарсы күреске ауысып, осы үдерісте YPG-ге қолдау көрсетіле бастады. Бұл Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін саясат болды. Трамптың екінші президенттік кезеңінде бұл саясат ресми түрде тоқтатылды», – деді Фидан.

Оның айтуынша, бұл екі ел арасындағы ең ірі түйткілдердің бірін жоюға мүмкіндік берді.

Фидан Түркияның ұлттық мүдделеріне сай саналы таңдау жасап, келіссөз жүргізіп отырғанын айтып, соған қарамастан АҚШ Конгресіне байланысты шешілмей келе жатқан мәселелердің, соның ішінде CAATSA санкцияларының бар екенін жеткізді.

«Кейде Түркияға қатысты жекелеген шешімдер қабылданады. Алайда институционалдық тұрғыдан әлі күнге дейін сақталып отырған жалғыз жағымсыз әрі алаңдататын мәселе – CAATSA санкциялары», – деді министр.

Ол соңғы үш-төрт жыл ішінде көптеген елдің Түркияға қарсы енгізген санкцияларының күші жойылғанына назар аударды.

Фидан бұл санкциялардың басым бөлігі құқықтық емес, әкімшілік сипатта болғанын айтып,

«Бұл мәселе бойынша қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Өйткені құрметті екі ел президентінің бұл санкцияларды алып тастауға қатысты берік саяси ерік-жігері бар. Өткен жылдың қыркүйегінде Вашингтонда өткен кездесуде екі көшбасшы осы бағыттағы ұстанымдарын білдірді. Бізге, министрлерге, бұл мәселені шешу жөнінде тапсырма берілді. Қорғаныс министріміз екеуміз осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жалпы алғанда екі ел арасындағы қарым-қатынас оң бағытта дамып келеді», – деді.

CAATSA санкцияларының қашан алынатыны туралы сұраққа жауап берген Фидан:

«Бұл үшін белгілі бір рәсімдер бар. Қазір сол бағытта жұмыс жүргізілуде. Олар жүзеге асқан сайын қоғам да оның нәтижесін көреді», – деді.

Министр бұл үдерістің жақын арада нәтижесін беруі мүмкін екенін айтып,

«Өйткені атқарушы биліктің қажетті рәсімдерді орындауы мен Конгрестегі заңнамалық үдерістің аяқталуы әрдайым бір уақытта жүзеге аса бермейді. Бірақ әкімшілік деңгейде де, саяси ерік тұрғысынан да ешқандай мәселе жоқ. Ал АҚШ Конгресіндегі үдерістің қалай өрбитінін алдағы уақытта көреміз», – деп қорытындылады.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?