ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Израильдің қабылдаған шешімі тарихи шындықты бұрмалап, қоғамдағы алауыздықты тереңдететінін мәлімдеді.
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Әзербайжан туы Каспий теңізінің батыс жағалауында желбіреп тұр. Баку, Әзербайжан, 3 наурыз 2026 жыл [МҰРАҒАТ]. / AA

Әзербайжан Израиль үкіметінің «Армян геноцидін» тану туралы шешімін сынға алып, бұл қадамды қайта қарауға шақырды.

Дүйсенбі күні жарияланған Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 1915 жылғы оқиғаларға қатысты тарихи шындықты бұрмалайтын бұл шешімге байланысты «елеулі алаңдаушылық» білдірілді.

Мәлімдемеде:

«1915 жылғы оқиғаларға қатысты тарихи шындықты бұрмалау және күрделі тарихи үдерістерді құқықтық әрі ғылыми негіздерден алшақ саяси шешімдердің нысанына айналдыруға болмайды», – делінген.

Министрлік мұндай шешімдердің татуласуға немесе өзара түсіністікке ықпал етпейтінін, керісінше, бар алауыздықты тереңдетіп, өңірде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерге кедергі келтіретінін атап өтті.

Израиль үкіметін өз шешімін қайта қарауға шақырған мәлімдемеде Бакудің тарихи шындықты қорғауды, халықаралық құқықты құрметтеуді және Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілікті орнықтыруға бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыратыны айтылды.

Мәлімдемеде: «Әзербайжан тарихи шындықты қорғау, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу және өңірде тұрақты бейбітшілікті ілгерілету бағытындағы өзінің дәйекті ұстанымын жалғастыра береді», – деп көрсетілген.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды