САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуразиядағы басшылар аймақтық саммитке қатысу үшін Ресейде жиналды
Санкт-Петербургтегі кездесу сауда интеграциясы, аймақтық үйлестіру және екіжақты келіссөздерге шоғырланады.
Еуразиядағы басшылар аймақтық саммитке қатысу үшін Ресейде жиналды
Еуразиядағы басшылар аймақтық саммитке қатысу үшін Ресейде жиналды / AP Archive

Еуразия көшбасшылары алдағы екі күнде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өңірлік интеграцияның маңызды ұйымдарының кездесулерінде бас қосады.

Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) қазіргі мәселелерін талқылайтын Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке барады.

Кремльдің хабарламасында «Әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия Республикасы арасында еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойылуы күтілуде»,- делінген.

Путин сондай-ақ дүйсенбі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) көшбасшыларының дәстүрлі бейресми жиынына қатысады.

Бірқатар өңір көшбасшысы Ресейге жетті: Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Қатысуы күтілгендер қатарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бар.

Путин ТМД-ның бейресми саммитінің шеңберінде Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Әзtрбайжан әлі ресми түрде Әлиевтің қатыcатынын растамады.

Бұрынғы Кеңес мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық

ТМД 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін экономикалық, саяси және қауіпсіздік салаларында ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған.

ТМД-ның толық мүшелері: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан; Түрікменстан — қосалқы мүше.

Молдова 2022 жылы ТМД кездесулеріне қатысуды тоқтатқан.

Еуразиялық экономикалық одақ 2014 жылдың мамырында қол қойылған келісімшарт негізінде құрылған және 2015 жылдың қаңтарында күшіне енген. Оның мүшелері: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады