САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
Лавров Трамптың Украина мен Еуропаны «орнына қойғанын», алайда бұл қадам жағдайға шамадан тыс оптимистік көзқараспен қарауға негіз болмайтынын мәлімдеді.
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп» / Reuters

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украинадағы бейбітшілікке қатысты келіссөздерде әлі де атқарылатын жұмыс көп екенін айтып, АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропа мен Украинаға жасаған қысымына ерекше үміт артуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Ресейдің «RIA» агенттігінің хабарлауынша, Лавров «Әлі де атқарылатын жұмыс көп» деген.

Лавров Трамптың Украина мен Еуропаны «орнына қойғанын», алайда бұл қадам жағдайға шамадан тыс оптимистік көзқараспен қарауға негіз болмайтынын мәлімдеді.

Ал Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко «Известия» газетіне берген сұхбатында кез келген келісім Украинаға НАТО мүшелігін жоққа шығаруды және Украина аумағында шетелдік операцияға тыйым салуды қамтуы тиіс екенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина, Ресей және АҚШ келіссөздерінің екінші кезеңі басталды

Әлі ешқандай келісім жасалған жоқ

АҚШ Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған түрлі жоспар жобалары бойынша Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге араағайын болады. Алайда Трамп келісімді аяқтайтыны туралы бірнеше рет уәде бергеніне қарамастан, әзірге ортақ мәмілеге қол жеткізілген жоқ.

Келіссөз үстеліндегі негізгі мәселелердің қатарында Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропадағы ең қанды соғыстың қалай аяқталатыны, Украинаның болашағы, Еуропа елдерінің қандай деңгейде шеттетілуі мүмкін екені және АҚШ-тың араағайындығымен жасалатын бейбіт келісімнің тұрақтылығы бар.

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаның шығысында сегіз жылға созылған қақтығыстардан кейін соғыс бастап, Қырғи-қабақ соғыстың ең шиеленісті кезеңдерінен бері Мәскеу мен батыс елдерінің арасындағы ең үлкен текетіреске себеп болды.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді