САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Польша Ресейдің шабуылынан кейін жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді
Киевтің мәліметінше, Мәскеу түнде майдан шебінен әлдеқайда алыс аумақтарға ондаған дрон және зымыранмен соққы жасаған.
Польша Ресейдің шабуылынан кейін жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді
/ AP

Польша көрші Украина батысының жаппай Ресей шабуылына ұшырауына байланысты өз әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді.

Варшавадағы Операциялар қолбасшылығы дүйсенбі күні әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде: «Ресей Федерациясының Украина аумағына жасаған жаппай әуе шабуылы салдарынан Польша мен одақтастардың ұшақтары таңертеңнен бастап Польша әуе кеңістігінде әрекет ете бастады»,- деді.

Ровно қаласының мэрі Александр Третьяктың айтуынша, Ресей түн ішінде майдан шебінен асып өтіп, Украина батысына ондаған ұшқышсыз ұшу аппараты және зымыранмен соққы жасаған. Ол мұны аймаққа бағытталған «ең ірі шабуыл» деп атады.

Ресей соңғы кездері Украинаға қарсы операцияларын үдетіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған ең ірі жаңа дипломатиялық күш-жігерге қарамастан бітімге қатысты үміттерді әлсіретіп отыр.

НАТО-ға мүше Польша 2024 жылының наурыз айында өз әуе кеңістігінің бір ресейлік қанатты зымыран тарапынан бұзылғанын хабарлап, Мәскеуден түсініктеме талап еткен болатын.

Осыған ұқсас оқиға 2023 жылғы желтоқсанда да болған еді: бір ресейлік зымыран Украинаға қайта оралмас бұрын бірнеше минутқа Польша әуе кеңістігіне кіріп кеткен.

 

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді