ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Вьетнамда тайфуннан қаза тапқандар саны артуда
«Буалой» тайфуны Вьетнамда қатты жауын-шашын мен су тасқынын тудырды. 19 адам қаза тапты, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Вьетнамда тайфуннан қаза тапқандар саны артуда
Билік Ханойда жауын-шашынның күшейіп, өзендердің тасуы мүмкін екенін ескертті. / AP

Тайфуннан болған нөсер жауын Вьетнамда қатты су тасқыны мен көшкінге себеп болып, қаза тапқандар саны 19-ға жетті. Із-түссіз жоғалғандар туралы хабарлануда.

Ұлттық ауа райы агенттігі соңғы 24 сағат ішінде Вьетнамның кейбір аймақтарында жауын мөлшері 30 сантиметрден асқанын мәлімдеді. Агенттік нөсер жауынның жалғасатынын ескертті.

Ұзаққа созылған жауын-шашын Сан Ла мен Лао Кайдың солтүстік таулы аймақтарынан бастап орталықтағы Нге Ан өңіріне дейінгі жолдарды бөгеп, су тасқыны мен көшкін туғызды.

Ондаған адам қаза тапты және жоғалды

Астана Ханойдағы көптеген көшені су басып, билік Қызыл өзеннің маңында тұратын тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Мемлекеттік БАҚ сейсенбі күні биліктің 13 адамды іздеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Олардың сегізі — балықшы.

«Буалой» тайфуны жұма күнінен бері Филиппинде кемінде 20 адамның өліміне себеп болған еді.

Тайфун дүйсенбі күні таңертең Вьетнам жағалауына жетті. Мамандардың айтуынша, жаһандық жылынуға байланысты мұндай дауылдар нөсердің күшін артыруда. Осылайша мұхиттардың жылынуы тропикалық дауылдар мен қатты жел және нөсер жауынға себеп болып, Шығыс Азиядағы жауын-шашын түрін өзгертуде.

Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты