ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«HÜRJET» келісімі ˗ Түркия үшін қорғаныс экспортындағы тарихи серпіліс
Ұзақ мерзімді оқыту және қолдау бағдарламасы аясында Испанияға 30 дана «HÜRJET» ұшағы жеткізілетін болады.
«HÜRJET» келісімі ˗ Түркия үшін қорғаныс экспортындағы тарихи серпіліс
«HÜRJET» келісімі ˗ Түркия үшін қорғаныс экспортындағы тарихи серпіліс / AA

Түркияның алғашқы отандық реактивті оқу-жаттығу және жеңіл шабуыл ұшағы «HÜRJET»-тің Испанияға 2,6 миллиард еуро көлеміндегі экспорттық келісім аясында сатылуы елдің қорғаныс өнеркәсібі үшін тарихи бетбұрысқа айналды.

Испания Әуе және ғарыш күштері Испанияның Интеграцияланған жетілдірілген ұшу даярлау жүйесі бағдарламасы аясында оқу қажеттіліктерін өтеу үшін «HÜRJET» реактивті оқу ұшағын таңдады.

 Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі, «Airbus» және Испания Қорғаныс министрлігі арасында келісімшартқа қол қойылды.

«HÜRJET» ұшақтары Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарында өндіріледі. Жеткізілімдер 2028 жылдың соңғы тоқсанында басталып, 2036 жылға дейін жалғасады деп күтілуде.

Түркия президенттігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гөргүн бұл келісімді экспорттағы үлкен жетістік деп атады.

Гөргүн: «HÜRJET» 30 ұшақтан тұратын экспорттық пакет арқылы Испания Әуе және ғарыш күштері тарапынан ресми түрде таңдалып, Түрік қорғаныс өнеркәсібі үшін тарихи экспорттық табысқа қол жеткізді», - деп бұл келісімді Түркияның қорғаныс саласында сенімге ие, таңдаулы әрі бағыт-бағдар беруші экспорттаушы ел деңгейіне жеткенінің айқын дәлелі ретінде бағалады.

Ол сондай-ақ «Жалпы құны 2,6 миллиард еуроны құрайтын бағдарлама аясында 2028 жылы жеткізілімдерді бастау жоспарланып отыр. Бұл келісім «HÜRJET» экспортымен қатар, жоғары деңгейлі әскери ұшқыштарды даярлауды қамтитын интеграцияланған оқыту архитектурасын, жерүсті симуляциясы мен оқу жүйелерін, техникалық қызмет көрсету мен пайдалану инфрақұрылымын, сондай-ақ ұзақ мерзімді операциялық қолдауды біріктіретін жоғары құны бар, көпқырлы қорғаныс өнеркәсібінің экспорттық пакеті», -  деді.

Гөргүннің айтуынша, отандық жобалау және өндіріс негізіндегі реактивті оқу ұшағының Еуропа мен НATO мүшесі елдің қару-жарақ қорына енуі Түркия қорғаныс өнеркәсібінің жобалау, өндіріс, жүйелік интеграция, сертификаттау және тұрақты даму салаларында жеткен жоғары деңгейін көрсетеді.

Сөзін қорытындылай келе ол: «HÜRJET» арқылы Түркия әуе платформалары саласында жоғары технология өндіретін, экспорттайтын және жаһандық нарықта сөз иесі болатын құрылымға ие болды. Қорғаныс өнеркәсібі экспортымыз да сапа мен ауқым тұрғысынан жаңа белеске көтерілді», - деп атап өтті.

 

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты