ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Елдегі дайын тағамды жеткізу кәсіпорындары, супермаркеттер мен наубайханалар пластикалық пакет, тағам науалары және қызмет көрсету қолғаптарын табуда қиындық көріп жатыр.
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Пластик пакет (REUTERS)

Таяу Шығыстағы соғыс тудырған шикізат дағдарысы Жапониядағы пластика өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі саналатын нафта (мұнай өнімі) жеткізіліміне соққы берді.

Жылдық пластика тұтыну көлемі 8 миллион тоннадан асатын және оның шамамен үштен бірі тамақ өнеркәсібіне тиесілі Жапонияда бағаның өсуі мен жабдықтау тапшылығы секторға айтарлықтай кері әсерін тигізуде.

Жапония мұнай-химия өнеркәсібі қауымдастығының (JPCA) мәліметінше, сауда және қоқыс пакеттеріне қолданылатын полиэтилен өндірісі наурыз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 пайыз азайған. Осындай төмендеу көрсеткіштері пластиканың өзге де түрлерінде тіркелді.

Премьер-министр Санаэ Такаичи үкіметі басқа салаларға да салқынын тигізген бұл дағдарыста үлкен қысымға тап болып отыр.

Қызмет көрсету мәдениеті мен гигиеналық дағдылар сыналуда

Жапонияда 2020 жылдан бастап пластик пакеттер ақылы болғанымен, өнімдерді бірнеше қабат пластикпен қаптау елдің қалыптасқан қызмет көрсету мәдениетінің ажырамас бөлігі саналады. Дегенмен қоймалардағы қордың таусылуы бұл дағдыларды өзгертуге мәжбүр етуде.

Қоқыс жинау жүйесі мен аймақ елдері де зардап шегуде

Тұрмыстық қалдықтар әртүрлі түстегі арнайы пластик пакеттермен қатаң түрде сұрыпталатын муниципалды қоқыс жинау жүйелері де дағдарыстан шет қалмады. Тұрғындардың үрейге бой алдырып, пакеттерді жаппай сатып алғандықтан дүкендер бір адамға сатылатын тауар көлеміне шектеу енгізді. Кейбір муниципалитеттер уақытша түрде ресми түрде бекітілмеген пакеттермен де қоқыс тастауға рұқсат бере бастады.

Бұл дағдарыс тек Жапониямен ғана шектеліп қалған жоқ. Мұнай мен нафта қажеттілігін Таяу Шығыстан өтейтін Шығыс Азияның басқа елдерінде де ұқсас қиындықтар бой көрсетуде.

  • Оңтүстік Корея: Бас қала Сеулде наурыз айында пластик қоқыс пакеттерінің саудасы бес есе артты. Сұраныстың күрт өсуіне байланысты сатуды шектеу шаралары қолданылса, Энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрі Ким Сон Хван жабдықтау тұрғысынан алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

  • Тайвань: Әлемде жан басына шаққанда ең көп пластик пакет тұтынатын аймақтардың бірі саналатын және шикі мұнайының 70 пайызын Таяу Шығыстан импорттайтын Тайваньда пластиктің көтерме сауда бағасы биыл 40 пайызға дейін көтерілді. Тайвань үкіметі де халықты сабырлыққа шақырып, тауарды заңсыз жинаушыларға (алыпсатарлыққа) қарсы тексеруді күшейтті.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты