САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Армения Премьер-министрі Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын
Екі елдің өткен аптада келісімнің жобасын мақұлдауы ондаған жылға созылған қақтығысты аяқтауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
Армения Премьер-министрі Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын
/ Reuters

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің Әзербайжанмен жасалған бейбіт келісім жобасына қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.

"Армения мен Әзербайжан арасындағы келісім жобасы мақұлданды және қол қоюды күтуде. Мен оған қол қоюға әзірмін", – деді Пашинян сәрсенбі күні X платформасындағы жазбасында.

Пашинянның бұл мәлімдемесі Әзербайжан мен Арменияның өткен бейсенбіде жеке-жеке жасаған хабарламаларынан кейін жарияланды. Тараптар ондаған жылға созылған қақтығысты аяқтау және Баку мен Ереван арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату үшін бейбіт келісім жобасы бойынша өзара келісімге келгендерін мәлімдеген еді.

Бұрынғы  екі Кеңес республикасы арасындағы қарым-қатынастар 1991 жылы Арменияның халықаралық деңгейде Әзербайжан жері ретінде танылған Қарабақ пен оған іргелес жеті ауданды басып алуымен шиеленісе түсті.

Әзербайжан 2020 жылғы күзде 44 күнге созылған соғыс нәтижесінде бұл аумақтардың басым бөлігін азат етіп, Ресейдің араағайындығымен жасалған бейбіт келісім аймақтың қалыпқа келуіне және шекараларды белгілеуге жол ашты.

Ал 2023 жылдың қыркүйегінде Әзербайжан аймақтағы сепаратистік күштердің берілуімен Қарабақта толық егемендігін орнатты.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты