ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
Израильдің шектеулеріне байланысты Газа секторында қоқыс жинайтын көліктердің тек жартысы жұмыс істеп тұр. БҰҰ қоқыстың жиналып қалуы халық денсаулығына қауіп төндіріп жатқанын хабарлады.
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
Газа (МҰРАҒАТ)/AFP

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль енгізген шектеулер салдарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарының қиындауына байланысты Газа секторында халық денсаулығына төнетін қауіп-қатердің артқанын ескертті.

БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында: «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарына қолдау көрсететін серіктестеріміз арнайы көліктердің тек жартысы ғана жұмыс істеп тұрғанын ескертуде. Бұған Израильдің көліктердің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті мотор майы мен қосалқы бөлшектерді кіргізуге шектеу қоюы себеп болып отыр. Соның салдарынан қоқыстың бір бөлігі ғана жиналып, халық денсаулығына төнетін қауіп артып келеді», – деді.

«Газаға аса қажетті материалдардың әлдеқайда кең көлемде жеткізілуіне рұқсат берілуі, бюрократиялық кедергілердің азайтылуы және жүк тасымалы үшін көбірек шекара өткелінің ашылуы қажет», – деген Дюжаррик: «Адамдар мәжбүрлі қоныс аударудың ауыр жағдайында төртінші қысты өткізіп жатқан кезде гуманитарлық көмекті қаржыландыру да өмірлік маңызға ие», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Іздеу
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды